Әлемдік білім беру ортасына қосылу!

0

Қазіргі жағдайда табысты жоғары оқу орындары әлемдік білім беру ортасына белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда университеттің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық мәселесі қазіргі бәсекеге лайықты сипаттамаларының бірі ретінде қарастырылады.

Penn State University құқық мектебінің Assistant Dean Стивен Барнс М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университетіне үшінші ресми сапарының қорытындысы бойынша серіктестікті келесі бағыттар бойынша дамытып, ынтымақтастық туралы Меморандумды (MOU) жаңа бес жылдық мерзімге ұзартылды.  

2023-2024 оқу жылы Penn State University келесі ұсыныстармен қамтамасыз етеді:

  1. Жалпы сомасы шамамен 200 000 АҚШ долларын құрайтын LLM бағдарламасы бойынша магистратура санатында 5 грантты ұсынды;
  2. 2023 жылдың күзгі семестрінде КАЗГЮУ тарапынан екі студент ақысыз білім алады (құны 54 000 долларға дейін жабылады);
  3. Penn State University профессорының «АҚШ-тың құқықтық жүйесіне кіріспе» атты 10 күндік ақысыз курстары КАЗГЮУ қабырғасында өткізілмек;
  4. КАЗГЮУ профессорлары үшін қонақ зерттеушілер ретінде Penn State University-не баруға мүмкіндік;
  5. 5. Ынтымақтастық туралы Меморандумды (MOU) жаңа бес жылдық мерзімге ұзартылды.

Penn State University 100 мыңнан астам студентті оқытатын АҚШ-тағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Ол Американың ең үздік мемлекеттік университеттерінің қатарында танымал туралы айта кету керек.

Қолдау мен ынтымақтастықтың бұл деңгейі білім берудің жоғары сапасын өзара мойындауды айқындайды.