Тоқаев елорда әуежайында Рим Папасын күтіп алды
Нұр-Сұлтан әуежайында Рим Папасы Францискті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Тікелей эфир кадры
Бұған дейін Рим Папасы мінген ITA Airways әуекомпаниясының AZ4000 рейсі елорда әуежайына сағат 17.18-де қонғаны хабарланған болатын.