Жұмысынан босатылған Нығматулиннің күйеубаласы жайлы не белгілі

0

24 тамызда Азат Бектұров «Қазаэронавигация» бас директорлығынан босады. Ulysmedia.kz порталы осы ретте ықпалды туысы бар шенеунік туралы не белгілі екенін шолып көрді дейді kznew.kz.

Азат Бектұров Ерлан Нығматулиннің күйеубаласы. Малика Бектұрованың күйеуі. Ерланның өзі Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бауыры.

Бектұровтың «Қазаэронавигацияны» 2014 жылдың тамыз айынан бері басқарып келгені ашық ақпарат көздерінен белгілі. Бұған дейін «Қазаэронавигация» басшылығы таратылған Capital Bank Kazakhstan жойылғаннан кейін 14 миллиард теңгені басып алып, жоғалтты деп айыпталған болатын. Компания мәлімдемесінде Бектұровтың «өз еркімен» кеткені айтылған.

Азат Бектұров қайынаталары жайлы айтылып жатқан рейдерлік, сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты атышулы айыптар аясында қызметінен кетіп жатыр. Сондай-ақ оның қайын атасы Ерлан Нығматулин мен оның егіз інісі, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулинге қатысты қылмыстық іс әлі жалғасуда.

Бектұровтың анасы – Гүлназ Ахметова Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың туған қарындасы. Ашық дереккөздерде«Қазаэронавигацияның» бұрынғы басшысының әйеліне және туған-туыстарына қатысты компаниялар «РГП на ПХВ»- сыз келісімшарттарды тіркемей, «бәсекесіз» 1 млрд теңге көлемінде келісімшарттарды алып алғаны туралы айтылады.

Малика Бектұрованың өзі 2016-2021 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды. Айта кетейік, «Қазаэронавигацияның» экс-басшысының әйелі жастайынан жоғары лауазымдарға ие болған. 20 жасында (2003 ж., Бектұрова 1983 ж.т.) Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінде және басқа да халықаралық ұйымдарда ДСҰ мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің өкілі болды.

2005 жылы — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің басқарма басшысы.

2005-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2006-2008 жылдары — Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2008-2016 жылдары «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси салмағы бар Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы қызметінен кеткен болатын.