«Маған кедергі жасап жатырсыздар»: Ерке Есмахан концертте жаңа әнінің сөзін ұмытып қалды
Ерке Есмахан Қызылорданың орталық алаңында өткен «Құрылысшылар күніне» арналған концертте жаңа әнінің сөзін ұмытып қалды. Әншіге жан-жақтан қаумалап фотоға түскен тыңдармандары кедергі келтірген, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Эстрада жұлдызы өзінің Instagram парақшасындағы Story-ға видео жариялап, концерттің қалай өткенін оқырмандарына көрсетті. Жаңадан шыққан «Сен қыз» әнін орындау кезінде әншіні көрермендері селфи жасау үшін жан-жақтан қаумалап алған. Видеодан әншіні тыңдармандары тартып та, итеріп те жібергенін көруге болады.
Әнші қызылордалықтарға өзін келесіде ән айтуға емес, тек суретке түсуге шақыруын сұраған. Айта кетейік, Ерке Есмахан жаңадан жазған әнін Қызылордадағы концертте алғаш рет сахнада орындаған.