Германия Ресей тыңшысын қатаң жазаламақ
Германияның Дюссельдорф қаласында Неміс армиясының резервисті “Ресейге құпия әскери ақпарат жеткізді” деген айыппен сотқа тартылды.
DPA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ральф Г. есімді 65 жастағы запастағы подполковник 2014 жылдан бастап ресей әскери барлауында — Ресей Федерациясының GRU-да жұмыс істеген.
Айыпталушы американдық компанияда жұмыс істеген. GRU-ны мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпарат көздерінен, соның ішінде жоғары дәрежелі неміс әскери күштерінің жеке байланыс мәліметтерімен қамтамасыз етіп отырған.
Прокурордың айтуынша, ол сонымен бірге GRU-ға АҚШ пен олардың батыс одақтастарының қауіпсіздік және қорғаныс саясатына шолу жасаған.
Ральф Г. — ны 2018 жылы тыңшылық жасады деген күдікке ілінген еді, бірақ екі жылдан кейін ғана оның үйін тінту жүмыстары жүргізілді.
Соңғы уақытта Германияда ресейлік барлау жұмыстарына күдікті бірнеше адам анықталды.
Ақпарат: unian.net, фото: fin-journal.info