Алеппо мектептері қайта ашылды

0

Астана. 12 желтоқсан. KAZISLAM – Сирияның Алеппо қаласындағы мектептерде террористер арасында ұзақ уақыт өмір сүрген балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы әдістеме енгізілді. Бұл туралы жергілікті мектеп директоры Амин Харири айтып берді.

Бұл бағдарлама бойынша 2,7 мың бала білім алады. Оның 400-і содырлар арасында өмір сүрген. Мектеп директорының айтуынша, балаларды қоғамға бейімдеу процесі өте қиын болған. «Ұлттық гимн ойнаған уақытта балалар бір-біріне қарап, не істерлерін білмеді. Кейде олар бізді жаулар деп қателескен кездері де болды. Дегенмен бір айдан кейін біз олардың тәрбиесін жақсарттық» дейді директор.

Еске салсақ, бұған дейін Сирия үкіметі содырлар арасында өмір сүріп, соғыс көрген балаларға психологиялық көмек көрсетілетін оңалтау орталықтары бойынша бағдарламаны жүзеге асыратынын мәлімдеген еді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/