Келінжан да тұрмысқа шыққысы келеді
Бүгінде телеарна мен Youtube желісінде рекордтық қаралым көрсетіп жатқан «Келінжан» сериалының басты кейіпкері өз өміріне қатысты қауесеттерге жауап берді.
Естеріңізде болса көктемде Сара ажырасқан еркекпен кездесіп жүр деген ақпарат көп сайттарда тарап кетті. Ол еркектің бұрыңғы жары өз инстаграмына Сара мен күйеуінің фотосын салған болатын.
Сол даудан кейін Сара әлеуметтік желідегі парақшасында «Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады. Позитивті толқынға өтейікші. Өмір кітабымның бір парағын жыртып, мыжып-мыжып лақтырып тастадым» деп жазба қалдырған болатын.
Енді, соңғы күндері инстаграмда «Тілдесіп жүрген қызыңа үйленуге ниетің болмаса, тілмен де тиісудің керегі болмас» деген жазба арқылы көрермендерге ой тастады. Оқырмандар оны сериалмен байланыстырса, бірі «жігітіңіз бар ма?» деп сауал тастауда.