Cілтемеге өткен Қазақстанның әр азаматына 125 000 теңге төленеді — ақпаратқа түсініктеме берілді

0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әрбір қазақстандыққа 125 мың теңге төлеу туралы ақпараттың жалған екенін айтты.

“Cілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз”, – делінді.

Айта кетейік, жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланады.