Жамбыл облысында жарықтың өшуіне қарғаны кінәлаған әкім желіде жұлдыз болды (видео)
Жамбыл облысында Тамды ауылының әкімі берген сұхбат желіде қызу талқыға түсті. Елдімекенде жарықтың жиі өшуіне байланысты қойылған сұраққа жауап берген Рауан Асқаров Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылған. Шенеунікпен «Хабар 24» телеарнасының тілшісі тілдескен.
Тамды ауылының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданған. Телеарна тілшісі жарықтың не себепті сөнетінін ауылын әкімінен сұрап көрген.
Рауан Асқаровтың сөзінше, бұған трансформаторларға қанатымен тиіп кететін қарғалар кінәлі екен. Ол тіпті, қарғаның қимылын қолымен көрсетеді. Алайда шенеунік мәселені қалай шешуге болатынын білмейтін болып шықты.
Осы ретте журналист «Қарға жақындамас үшін қоршау керек пе, не істеу керек?» деп сұрайды. Асқаров болса трансформатордың қоршаулы тұрғанын, мәселені қалай шешетінін білмейтінін айтады.
Тілшінің онда «Ауданнан сұрайын ба?» деген сауалы желі қолданушыларының езуіне күлкі ұялатқан. Олар әкімнің жауабын сынға алса, енді бірі мұны жай әзіл деп қабылдаған.
«Мүмкін емес!», «Тұлып қою керек шығар», «Қарғалар басқа жерде ұшпайтын секілді», «Міне әкім, шынын айтты», «Өтірік айтқан жоқ», — деп жазды пікір қалдырушылар.
View this post on Instagram