K-pop әншісі кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Қытайлық-канадалық поп әншісі, EXO-K-pop тобының экс мүшесі Крис Ву Қытайда қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бейжіңдегі Чаоян аудандық прокуратурасы әншіні тұтқындауға ресми түрде рұқсат берілгенін хабарлады. Құқық қорғау органы оған тағылған айыпқа қатысты қосымша мәлімет бермеді.
31 шілдеде Бейжің полициясы бірнеше кәмелеттік жасқа толмаған қыз арызданғанын хабарлады. 30 жастағы әнші қыздарды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген айыппен қамауға алынған.
Қытайдың құқықтық жүйесіне сәйкес, қылмыстың дәлелі болған кезде, күдіктіні бас бостандығынан айыру мүмкін.