Павлодар облысында екі мектеп директоры қылмыскер болып шықты

0

Талдау жұмыстарының нәтижесінде білім басқармасына екі лауазымды тұлғаға қатысты шара қолдануға ұсыныс жасалды. Екеуі де жұмыстан босатылды

Павлодар облысында екі мектеп директорының бұрын істі болғаны анықталды. Екеуі де жұмыстан шығарылды. Бұл туралы сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы міндетін атқарушы Ардақ Балғожин мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, директордың біреуі Аққұлы ауданында Б.Ухатов атындағы орта мектепті басқарса, екіншісі Қызылтаң аудандағы Тереңкөл мектебіне жетекшілік еткен.

«Бірінші директор ҚазССР Қылмыстық кодексінің 93-бабы («Жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан қасақана ауыр жарақат салу немесе қылмысты ауырлататын жағдайда жасалған әрекет») бойынша сотталған болатын. Ал екінші мектеп басшысы жемқорық қылмысы үшін істі болған», — деді Балғожин аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Еңбек кодексінің 26-бабы бойынша сотты болған және қылмыстық қудалауда жүрген адамдарды білім беру, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу мен дамыту ұйымдарына жұмысқа қабылдауға тыйым салынған. Дәл осы бапқа сәйкес, жемқорлық қылмысын жасаған тұлағаларға да ондай мекемелерде қызмет етуге рұқсат етілмейді.

Талдау жұмыстарының нәтижесінде білім басқармасына екі лауазымды тұлғаға қатысты шара қолдануға ұсыныс жасалды. Екеуі де жұмыстан босатылды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын қылмыс жасаған 14 тұлғаны анықтады. Олардың ішінде 8 директор, 3 бухгалтер, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алумен айналысатын 3 адам бар. Олардың ішінде алтауы сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған болатын.