Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады
Ақтау қаласында Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының бұрынғы директорына жоқ қызметкерге ақша төлеп келгені үшін 14 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Н. Жантөрин атындағы музкалық-драма театрының бұрынғы директоры Нұрнияз Мұханов мырзаға 14 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Маңғыстау облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық схемасын байқаған. Ведомство маманының мәліметінше, Нұрнияз Мұханов 2018-2020 жылдар аралығында туысын қызметкерлер арасына қосып, оған ақша төлеп келген.
Екі жыл ішінде ол бір жарым миллион көлемінде ақша аударған.
Бұрынғы директорға қатысты ҚР ҚК 189-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүрді. Осы бапта көрсетілген жаза айыппұл көлемін он есеге өсіруге алмастырылды.