Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және жоспарлау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3
1 КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау негіздері ………………………..5
- Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ..10
2 «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ…………………………………………………………….17
2.1 «ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы……………………………………….17
2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау…………………………19
- КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ………………………………………………………………26
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен жоспарлауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары ………………………………………………………….26
3.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары……….37
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………..42
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қаржылық жағдай тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру — нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қаржылық жоспарлау — бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту жолдарын анықтау.
Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау;
- «Фудмастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту жолдарын іздестіру және қаржылық жағдайын ынталандыру бағыттарын анықтау.
- қаржы саласында алған білімімді қолдану;
- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және
заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау
және оларды жою жолдарын ұсыну.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту, жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
1 КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау негіздері
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржысын жоспарлау саясатының негізгі нысаны — бизнес жоспар. Қазіргі кезде бизнес – жоспарлаудың қызметтері мынадай нысанда орындалады:
— бизнес стратегиясы мен оның даму концепциясын құру құралы;
— шаруашылық қызметтің жаңа бағытын бағалау құралы;
— несие тарту құралы;
— сыбайлас тарту құралы.
Бірінші функция мәні кәсіпкерлік қызметтің жаңа бағыттарын сату болып табылады. Екінші функция мәні — кәсіпорын шаруашылық қызметін бақылау мен талдауда бизнес – жоспарды қолдану. Үшінші қызметінде бизнес – жоспар кәсіпорынның несие қабілетін бағалаушы болады. Банкте несие беру үшін негізгі фактор болып бизнес – жоспар табылады. Банк кәсіпорындардан кепіл түріндегі қамтамасыз етуді емес, дұрыс жасалған бизнес – жоспар сүрайды. Төртінші қызметін орындауда кәсіпкерліктің жаңа түріне сыбайлас тарту
Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың негізі болып салық сомаларын амортизациялық шығындарының, табыс болжамын, капиталды меншік және қарыздыққа бөлу, бағалы қағаздарды шығару, несие алу мерзімдерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін капиталды қажетсінуді анықтау.
Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді қысқа мерзімге ( жыл, квартал, ай) есептеуді білдіреді. Қаржыларды жоспарлау басқа қызмет түрлері сияқты өз міндеттері мен мақсатына ие.
Қаржыларды жоспарлау мақсаты болып ақшалай қаражаттардың түсу мөлшері мен олардың жоспарлы кезінде шығарылуын анықтау табылады.
Жоспарлаудың міндеттері:
- шаруашылық процесті қажет ақша қаржыларымен қамтамасыз ету;
- бюджет, банк, сақтандыру органдары және тағы басқа шаруашылық субъектілері мен қаржылық қатынас орнату. Бұл қаржылық қатынастар түскен ақша мөлшерімен және берілген ақша көлемімен (салық, несие пайызы, сақтандыру салымдары)өлшенеді;
- капиталды біріккен кәсіпкерлікке, бағалы қағаздарға салудың тиімді жолдарын анықтау;
- ақша қаражатын құру мен пайдалануға бақылау сату;
- ақша қаражатын үнемдеп қолдану есебінен табысты үлкейту.
Қаржылық жоспарлаудың маңызды мезеті жоспарлау стратегиясын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың стратегиясы табыс көздерінің, ақша түсу көздерінің, қаржылық жоспарды құрудың негізгі бағыттарын білдіреді.
Шаруашылық субъектісі (кәсіпорын) әртүрлі өндірістер, бөлімтар, қорлар, қызметтер (жөндеу), бөлімдер (қаржы, бухгалтерия) лаборатория, дүкен және тағы басқа бөлім мүшелерден тұратын жүйе болып табылады.
Аталған бөлімшелердің табыс алуындағы орны түрлі екені анық. Мысалы, шаруашылық субъектісі бухгалтериясыз болмайды, бірақ бухгалтериядан табыс әкелуді талап етуге лаборатория жөндеу қызметінен де мұны сұрауға келмейді.
Жоспарлаудың болмауы оларды төмендегідей жағдайға алып келеді:
- болашақтағы мақсаттарын түсінбеушілік;
- ағымдағы әрекеттер келешектегі әрекеттермен қандай жағдайда үзілмейтін шаруашылық үрдісі ретінде қарауды білмеушілік;
- қысқа мерзімдік мүдделерді басшылыққа алып шаруашылық әлемінде бағыттан адасу және болып жатқан оқиғалардың жалпы мәнін түсінбеу;
- нарықтың негізгі талаптарын анықтай алмау;
- басқа нарық қызметіне қатысушылармен салыстырғанда әлсіз ұстанымда болу.
Жоспарлау кәсіпорынның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен кәсіпорын басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық кәсіпорындар үшін жоспарлауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б.]
- Жаңадан пайда болған жеке меншік кәсіпорындар. Капитал жинақталуының даму үрдісі осы нысандар қызметінің шиеленісуі мен көбеюіне алып келеді, ал сонымен қатар қазіргі замандағы нарық шаруашылығындағы жоспарлау түрлерінде қажеттілікті тудыратын басқа факторлардың пайда болуына алып келеді.
Осы саладағы жоспарлауды қолдануға байланысты басты проблема – бизнес “бай болудың көзі” деген пікірде қалыптасқан жай жасалынған жоспарға сенбеу, осыдан барып болашаққа деген жеткіліксіз назар аудару қалыптасады. Осыған қарамастан көптеген жеке меншік кәсіпорындар жоспарлау бөлімшелерін, ең болмағанда жоспарлаушы лауазымын ендірді.
- Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік, қазіргі кезде жеке меншіктегі кәсіпорындар. Бұлар үшін жоспарлау қызметі дәстүрлі болып табылады. Дегенмен олардың жоспарлау тәжірибесі негізінде экономиканы орталықтан басқару кезеңіне жатады. Осыдан барып бұл кәсіпорындарда жоспарлау екінші дәрежелі сипат алды, жоспарлау қызметі орталықтандырылған және салалық сипат алды, осыған байланысты дұрыс талдау мен алдын-ала анықтау, нарықтық және командалық экономикадағы жоспарлауды салыстырып талдау туралы осы бөлімнің 6 параграфынан қараңыздар. Сондықтан бірінші тұрпаттағы ұйымдардағыдай, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарға ішкі кәсіпорындық жоспарлау тәжірибесін қайта ендіру қажет.
5 жылдық жоспарды жасау циклі | Жылдық жоспарды жасау циклі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Наурыз
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мамыр
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Маусым
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тамыз
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қыркүйек
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қараша |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Желтоқсан |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қаңтар
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ақпан
|
Сурет-1 – Кәсіпорынның жоспарлау сызбасы
1 суретте көрсетілгендей ұйымдардағы жоспарлау үрдісі үздіксіз жыл бойына жалғасады. Жоспарлаудың негізгі екі бөлігі жылдың әр түрлі кезеңінде орындалады: стратегиялық жоспар қаржы жылының әдеттегідей I — II тоқсандарында жүргізіледі, қалған уақытта жедел жоспарлау орындалады. Жедел жоспар алғашқы жылдағы әрекеттерге арналған 5 жылдық жоспардың мазмұнын анықтайды. Жоспарлау үрдісі үзіліссіз және екі 5 жылдық жоспар аралығында үзіліс болмау үшін көптеген ұйымдар өтпелі жоспар деп аталатын жоспар құрастырады. Ауыспалы жоспарда ағымдағы жылмен қоса әр кезде жаңа жыл қосылады (2003-2008 жылдарға арналған жоспарда 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы жаңа бес жылдықты айқындайтын 2001 жыл барысы бойынша 2007 жыл қосылады). Мұнымен қатар нарықтық жағдайдағы өткен технологиялардың, саясаттың, өткен (2007 жыл) жылдағы ұйымдардың ішкі факторларының өзгерістері есепке алынады және жаңадан жасалған жоспарға қажетті өзгерістер енгізіледі. [11, 85 б.]
Кейбір жағдайларда стратегиялық жоспармен қоса жедел жоспарлардың бірге орындалуы да кездеседі. Мұндай тәжірибеде басты жетіспеушілік — бұл тиімді жоспарлауға кедергі болу шешімдердің жеделділігіне байланысты стратегиялық жоспарлау проблемаларына басымдылығын бастайды және кәсіпорын өз қызметіндегі негізгі бағытын жоғалтады. Егер үрдістің мазмұны мен реттілігі анықталған болса, күнтізбелік реттілігін жоспарлау үрдісімен сызба жасалынған болса, ұйым үшін пайдалы болып табылады. Бұл сызбалар әр түрлі түрде болуы мүмкін: диаграмма, кесте, кестелік тізбелер, кесте-пирамида және тағы басқа кез келген жағдайда мұндай сызбалар ұйымға көмектеседі: [10, 76 б.]
- жалпы жоспарлау үрдісін түсінікті етеді;
- оны бір жүйеге ендіреді және үрдіс кезеңдерін жылдың әр түрлі мерзімі бойынша бөледі;
- жоспарлау үрдісінің әрбір кезеңінің орындалуы туралы бақылау үрдісін ұйымдастырады.
Жоспарлаудың ұйымдастырылған құрылымдары жоспарлау үрдісінде төмендегілер қатысады:
- біріншіден, ұйымдардың жоғарғы басшылығы;
- екіншіден, жоспарлаушылар командасы;
- үшіншіден, бөлімшелердің басшылары мен мамандары.
Бұрында көрсетілгендей ұйымның барлық қызметкерлері жоспарды талқылау мен құрастыруға қатысқан кезде бұл жағдай ойдағыдай болып саналады. Жоспарлау қызметіне қатысушылар арасындағы міндеттемелер қалай бөлінеді?
Жоғарғы басшылық жоспарлау үрдісінің архитекторы болып табылады. Жоспарлаудың реттілігі мен оның негізгі сатыларын анықтайды. Жоғарғы менеджмент жоспарлау үрдісін ұйымның әрбір қызметкерінің түсінікті және анық болатындай жасауы керек, ол оған өзінің барлық қызметкерлерін толық қатыстыра білу керек.
Жоғарғы басшылықтың басқа қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу мен стратегияны жоспарлау бойынша шешім қабылдауында болып табылады. Кәсіпорын басшылығы оның дамуының жалпы мақсаттарын және оған дәл жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды. Стратегияны әзірлеу жоғарғы менеджменттен аналитикалық бейімділік пен көлемді ойлауды талап етеді.
Орташа және төмен топ басшылығы, сонымен қатар бөлімшелер мамандары жедел жоспарларды әзірлеумен айналысады. Мамандардың міндетіне сонымен қатар ұйымдардың ішкі және сыртқы ортасына талдау жасау, болжам құрастыру кіреді. Бөлімше басшылары мен штат қызметкерлері ұйымдар үшін ұсынылған ұқсас стратегияларды бағалауда бірігеді.
Жоспарлау қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуге қатысады, оның негізгі мақсаттарын түсіндіреді. Дегенмен кеңес беруші ретінде бұл қызметті жоспарлаушылар іске асырады. Кейде стратегиялық негізгі мәселелерді жоспарлаушы мен жоғарғы басқарушы жеке әңгімелесу арқылы талқылайды. Стратегияларды бекітуге байланысты қорытынды шешімді жоғарғы басшылық қабылдайды. [12, 281 б.]
Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың қосымша бөлігі. Ол
кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Жеке жоспарлау қызметінің әр түрлі түрінен табыс есептеу және салық салу жоспарды дайындау үрдісінде табыс көлеміне әсер ететін барлық факторлар есепке алынады және қаржылық нәтиже әр түрлі басқарушылық шешімдерді қабылдаудан шығады.
Тұрақты дамушы экономика жағдайында табысты жоспарлау үш жылдан бес жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
Шаруашылықтың болжамды жағдайында және тұрақты баға кезінде ағымдағы жоспарлау бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Түрақсыз экономикалық және саясаттық жағдай кезінде жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде орындалуы мүмкін — тоқсан, жарты жыл.
Жоспарлау объектісі болып баланстық табыс элементі табылады, бірінші кезекте өнімді өткізуден, жұмысты атқарудан, қызмет көрсетуден табыс, табыстың есеп беру негізгі сатудан болжамды және көлемін көрсетеді. Бұл өндірістік бағдарлама және қордың сату көлемімен тәуелдігіне байланысты.
Дегенмен, бұл көлем өндірістік қуаттылықтарымен шектеледі. Бұл жағдайда олар жоспарлау үшін жіберуші нүкте болып табылады. Сату көлемін анықтаудан кейін бекітілген келісім негізінде өндірістік бағдарламалар жасалады. Өндірістік бағдарлама өткізуден жоспарлы көлемінен және соңғы жоспарлы кезеңде қоймадағы дайын өнім қорының көлемінен тәуелді. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгерісін есепке алу қажет. Өз кезегінде бағдарлама материалдарда қажеттілік есебі үшін негіз болып табылады. Материалдарды сатып алудағы қажеттілік бастапқы жоспарлы кезеңде қоймадағы қор есебімен, сонымен қоса кезеңце қалдық есебімен анықталады.
1.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.
Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiiрстiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды қарастырмас бұрын, “қаржылық жағдай” дегенiмiз не соны анықтап алайық. Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлi түсiндiрiледi. Бұл туралы профессор А.Д.Шеремет “Кәсiпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану, ұйымдастыру және оны қалыптастыру көздерiмен сипатталады” деп айтқан. Ал профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсiпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты өндiрiстiк, коммерциялық және басқа да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай тиiмдi тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi.
Осы жоғарыдағы аталған ұғымдарды топтастыра келе коппорацияның қаржы жағдайына келесiдей анықтама беруге болады: Кәсiпорынның қаржы жағдайы осы кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңдегi қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметiн үздiксiз жүргiзуi мен өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн уақтылы өтеу үшiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн көрсетедi. /8, 103 б/
Ал кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ненi бiлдiредi? Ол өз қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып табылады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сейфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша “Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл әрдайым төлем қабiлеттiлiгiн кепiлдендiретiн кәсiпорынның белгiлi бiр шоттар жағдайы” деп атайды.
Жалпы атйқанда кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелдiктiң мүмкiн болатын деңгейiнде төлем қабiлеттiлiгi мен несиеге қабiлеттiлiгiн сақтай отырып, табысты өсiсу негiзiнде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсiпорынның дамуын көрсететiн қаржы ресурстарының жағдайы болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген факторлар әсер етедi, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесiдей түрлерге жiктейдi:
- Пайда болу орнына байланысты – iшкi және сыртқы;
- Нәтижесiнiң маңыздылығына байланысты – негiзгi және негiзгi емес;
- Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделi;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Мұндағы iшкi факторлар кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсiпорын еркiне бағынышты емес. Кәсiпорынның қаржыылқ тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды аатп көрсетуге болады:
- кәсiпорынның салалық топқа бөлiнуi;
- шығарылған өнiмнiң немесе көрсетiлге нқызметтiң құрылымы және оның жалпы төлем қабiлеттiлiгi бар сұраныстағы үлесi;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшерi;
- шығындардың көлемi, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, яғни қаржы менеджментiе тиiмдi ұйымдастыру;
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргiзудiң экономикалық жағдайының әсерi, қоғамда үстемдiк етушi техника мен технология, төлем қабiлетi бар сұраныс және тұтынушылыр табысының деңгейi; Қазақстан Республикасыынң салық және ақша-несие саясаты, кәсiпорынның қаржылық қызметiн бақылау жөнiндегi заң актiлерi, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсiпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу – корпорацияның жақсы қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады. /6, 129 б/
Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк және оның iскерлiк қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл – талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық қызметiне кешендi түрде баға беруге мүмкiндiк бередi.
Экономикада әрбiр кәсiпорын ұзақ мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап бередi: кәсiпорын осы мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсiпорынның дамуына байланысты қажеттiлiктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебi қаржылық тұрақтылықтың жетiспеушiлiгi кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоқтығына және оның дамуына қажеттi қаражаттың болмауына әкелiп соғады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеушi кәсiпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесiлер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiмiндегi өзгерiсi;
- активтер мен олардың қалыптасу көздерi арасындағы сәйкессiздiктi, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиiмдiлiктi зерттеу;
- айналым капиталының көлемiн, оның өсуiн немесе кемуiн және ағымдағы мiндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
- қаржы-есептiк және несие ережесiн сақтау;
- кәсiпорынның активтерi және оның мiндеттемелерiнiң құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердiң айналымдылық есебi, оның iшiнде дебиторлық борыш және қорлар есебi;
- баланстың өтiмдiлiгiн, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабiлеттiлiгiнiң абсалюттiк және салыстырмалы көрсеткiштерiн анықтау;
- кәсiпорын табыстылығын бағалау;
- кәсiпорының табысының салыстырмалы көрсеткiштерiн, сондай-ақ олардың деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi факторларды есептеп шығару;
- кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгiн анықтау;
- кәсiпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзiмдi болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтап, соның негiзiнде кәсiпорынның қаржы саясатын iске асыру болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн талдаудың қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылық қызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдаануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі — басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.
Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі — онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау — есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау — әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табыл-майды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің ше-телдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмай-ды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау — бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау — бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде — тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол — кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
2 «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
2.1 «ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы
«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады. Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған. Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді. «ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы қаңтарда құрылған. Мекеме алдында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын сапалы және Алматыда танымал «ФудМастер»-лік сүт өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қысқа мерзім ішінде негізінен Астананың қалалық сүт зауытының “бұрынғы” жұмысшыларынан тұратын мамандар тобы «ФудМастер» компаниясы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі мен сатуды бастай алды. Тек сапалы өнімдер шығара және жаңалықтар енгізе отырып, мекеме тұтынушылар тарапынан сенімге ие бола бастады. Мекеме мамандарының көпшілігі Еуропа мен Американың жетекші тағам өндірісі мекемелерінде тәжірибе жинақтаған. 1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк саек ауылындағы май-сыр зауытын меншіктеді. «ФудМастер» компаниясының иелігіне өткеннен бастап зауыттың жеті жылғы тұралаудан кейінгі жаңа тіршілігі қайнап кетті. Күніне 30 тонна сүтке дейінгі қуаттылығы бар зауытта, Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болған айран, био-айран және сүт өндіріледі. Заманауи «Хугарт» және «Роверси» технологиялық желілері жаңа және сапалы өнімдердің көптеген түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы өз ісінің шеберлері және мекеменің үздіксіз өскен жетістіктерінің айқындауыш бөлігі болып табылады. 2003 жылғы тамызда «ФМ – Шымкент» компаниясы сүт өңдеу және сүт өнімдерінің өндірісі саласында ISO – 9001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестіктің халықаралық сертификатын алды. Жамбыл облысының Қордай кентінің жанында Қырғызстанмен шектескен жерге таяу шұрайлы жерде «ФудМастер» компаниясының сыр зауыты орналасқан. «ФудМастер» компаниясы қатқыл сырдың бірегей дайындау тәсілін сақтап қана қоймай, атақты сыр жасау шеберлерін сақтай алды. 1998 жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» Костромалық, Ресейлік, Голландиялық сияқты дәстүрлі қатқыл іріткі сырларын өндіреді. Зауыт күрделі қалпына келтіру жүргізілді. Жаңартылған жабдықтама анағұрлым ұзақ сақтау мерзімді мінсіз, сапалы сырларды өндіруге мүмкіндік береді.
Компания республиканың түрлі аймақтарынан меншікке зауыттар ала бастады. Бүгінгі таңда Компанияның 6 зауыты және бір сүт-тауар фермасы бар. Еліміздің бірнеше аймақтарында – Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында «ФудМастер» компаниясы сүт қабылдау тораптарының желісін ұйымдастырды. Жекеменшік мал қожалықтары өтеусіз жалдау шарттарында шведтік өндірістің сүт қабылдау резервуарларымен, қабылданатын сүттің экспресс талдауына арналған жабдықтамамен жарақтандырылған. Ауыл халқына көлік, бұзау сатып алуға несие берілді. Шаруалар қарыздарын сүтпен қайтарды. Сүт зауыттарына сүт ағылды. Біртіндеп шикізаттың тек жоғары сапалы болуына қол жеткізуге мүмкіндік туды. Қазіргі таңда «ФудМастер» компаниясының құрамында бірнеше сүт өндірісі, сонымен қатар Қазақстанның түрлі облыстарында орналасқан бір сүт-тауар фермасы бар. «ФудМастер» компаниясының негізгі міндеті Қазақстанда сүт өндірісін көтеру және Республика халқын сапаның жоғары стандартына сәйкес келетін өніммен тұрақты түрде қамтамасыз ету болып табылады. Компанияның міндетті ісі.
Сурет4- «ФудМастер» компаниясының негізгі қоймалары
Тұтынушының жоғары талаптарына толық сәйкес келетін сапалы өнім өндіру. Біздің тұтынушы өнімінің сапасына және Компанияның барлық салаларының жұмыс деңгейіне көңлі толуы тиіс. Біздің тұтынушыларымыздың барлық тілектері қанағаттандырылуы қажет. Алматы облысы, Есік қаласында орналасқан «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық экономикалық қызметін талдауда оның өтімділік, қаржылық тұрақтылық, іскерлік белсенділік, өтемпаздық және табыстылық көрсеткіштерін есептеу 2009 және 2009ж.ж. мәліметтеріне негізделіп отыр.
2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау
Басқару қызметінің тиімділігін анықтауда ұйымның қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізудің маңызы зор. Ол кәсіпорынның балансы мен оның қаржылық іс-әрекет қызметінің жылдық есебінің мәліметтеріне негізделеді. «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын зеттеу үшін ең алдымен басты техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырып көрейік (3 кесте).
Дайын өнімнің бір теңгесіне шығындар есепті жылы негізгі шикізатқа (сүтке, қантқа) көтерме бағаның өсуінен көбейіп отыр.
Кесте 1 — «ФудМастер» ЖШС-нің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2009ж. | 2010ж. | Ауытқуы
|
өзгерімі
% |
||||
1 | Өнім көлемі | тонна | 17858,0 | 19674,0 | +1816,0 | +10,1 | ||||
2 | Еңбекақы қоры | мың тг. | 79218,9 | 115512,7 | +36293,8 | +45 | ||||
3 | Жұмыскерлердің жалпы саны | адам | 437 | 587 | +150 | +34,3 | ||||
4 | 1жұмыскерге шығымдылық | теңге | 121078 | 117329 | -3749 | -3,1 | ||||
5 | Орташа айлық еңбекақы | теңге | 17683 | 20492 | +2809 | +15 | ||||
6 | ҚҚС-сыз жалпы табыс | мың тг. | 566645 | 691301 | +124656 | +22 | ||||
7 | Шығындар (өз, құн) | мың тг. | 469690 | 614598 | +144908 | +31 | ||||
8 | 1 теңге пропорцияға шығындар | тиын | 0,83 | 0,89 | +0,06 | +7,2 | ||||
9 | Рентабелділік | % | 20,6 | 12,5 | -8,1 | -39 | ||||
10 | Бағалы қағаздар | мың тг. | 1110,0 | 1110,0 | — | — | ||||
11 | Негізгі құралдар | мың тг. | 200020,3 | 267827,3 | +67807 | +34 | ||||
12 | Негізгі өндірістік қорлар | мың тг. | 861113,6 | 127235,5 | +41121,9 | +47,7 | ||||
13 | Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы | мың тг. | 25266,6 | 53510,0 | +28243,4 | +111 | ||||
14 | Бюджетке аударымдар | мың тг. | 17658,6 | 12462,0 | -5196,6 | -70,5 | ||||
15 | Таза табыс | мың тг. | 82717,3 | 44602 | -38115,1 | -54 | ||||
Ескерту «ФудМастер» ЖШС-ның жылдық есептемелері бойынша | ||||||||||
3-кестеде 2009 жылы өнім көлемі 10,1 %-ға, жалпы табыс 22 %-ға, ал шығындар 31 %-ға артқан. Келтірілген мәліметтер негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Ол 2009 жылы жоғары өндірістік технологиялық линияларды енгізу, құрал-жабдықтарды ауыстыру, барын модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы Компанияның 2009 жылдың аяғына технико-экономикалық параметрлерінің жағдайын жақсартты. Алайда осы себептермен таза табыстың көлемі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 54 %-ға кеміді.
Рентабелділік жоспарға қарағанда -8,1 %-ке кеміді, рентабелділіктің баяу дамуы, ең алдымен, негізгі өндірістік құралдардың құнының өсуімен байланысты.
«ФудМастер» ЖШС-нің каржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін курстық жұмыста 2009 және 2010 жылдардағы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы есептер пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.
Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының сомасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да, айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік капитал сомасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.
2009 жылы: 96343,2+166624,0-175330,1 = 77637,1 мың теңге;
2010 жылы: 133409,0+100684,8-234699 = -605,2мың теңге.
Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2010 жылдың аяғына қарай олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.
Меншіктік айналым құралдары материалды өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері төмендегідей болып келеді:
2009 жылы: 77637,1+21404,5 = 99041,6 мың теңге;
2010 жылы: 0+62941 = 62941,2 мың теңге.
2009 жылы кәсіпорының абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады, яғни келесі шарт сақталады:
ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары
30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге
Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және кәсіпорын сыртқы несиелерге тәуелді емес.
2010 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:
Меншіктік айналым құралдары < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;
0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті 2009 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабуы мүмкін еместігін көрсетеді.
Жылдам өтімділік коэффиценті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2009 жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті болған болса, 2010 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азюы мен міндеттемелердің өсуі есебінен), ал қысқа мерзімді міндеттемелер қажет болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады.Абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01-ге төмендеп, 2009 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ақша-қаражаттардың 0,11 теңгесін құрады.
Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері кәсіпорынның жағдайы 2009 жылы жеткілікті тұрақты болғанын, ал 2010 жылы ағымдағы міндеттемелердің ауыр болғанын көрсетеді. Қысқа мерзімді активтерді жабуға кәсіпорынның ақша қаражаты жоқ. ТМҚ-ға салынған құралдар пайдаланылса да, кәсіпорын қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.
Кесте 2 — «ФудМастер» ЖШС-нің өтімділік көрсеткіштерін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2009
жылға |
2010 жылға | өзгеруі, мың тг. | 2010 ж. %-пен |
1 | Ағымдағы активтер, мың тг. | 111376,0 | 84995,5 | -26380,5 | -24,7 |
2 | Өтімді активтер,
мың тг. |
80548,5 | 33915,3 | -46633,2 | -47,9 |
3 | Ақша қаражаттары, мың тг. | 3951,2 | 9217,8 | +5266,6 | +33,2 |
4 | Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг. | 33738,9 | 85600,7 | +51861,8 | +53,72 |
5 | Ағымдағы өтімділік коэффиценті | 3,30 | 0,99 | -2,31 | -70 |
6 | Жылдам өтімділік коэффиценті | 2,4 | 0,40 | -1,99 | -84,3 |
7 | Абсолютті өтімділік коэффиценті | 0,12 | 0,11 | -0,01 | -8,3 |
Ескерту — «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша |
Әрі қарай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау көрсетілген (5- кестеде). Автономия коэффиценті кәсіпорының қарыз капиталды меншіктік капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34%-дан 42%-ға дейін құрайды.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесі 2010 жылы 35,8 %-ға төмендеген, сондай-ақ жабдықтаушылар мен подрядчиктердің алдындағы қарыз жоғары болып қалуда (194 %), ал қалдық құны бойынша негізгі құралдардың сомасы 2009 жылғы көрсеткіштен 22 %-ға өсті.
Сондай-ақ инвестицияны жабу коэффиценттінің 0,17 %-ға дейін кемуі байқалады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Осы себептен қорларды жабу коэффиценті де кеміген деп айтуға болады
Кесте 3- «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау
|
Көрсеткіштер | 2009 жылға | 2010 жылға | өзгеруі мың тг. | 2010ж.
%-пен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Меншіктік капитал,
мың тг. |
96343,2 | 133409 | +37065,8 | +38,5 |
2 | Міндеттемелер, мың тг. | 190362,9 | 186285,5 | -4077,4 | -2,2 |
3 | Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың тг. | 156624,0 | 100684,8 | -55939,2 | -35,8 |
4 | Жабдықтаушылар алдындағы қарыз, мың тг. | 21404,5 | 62941,2 | +41536,7 | +194 |
5 | НҚ мен МЕА-дің бастапқы құны, мың тг. | 200961,8 | 268555,8 | +67994,0 | +33,9 |
6 | НҚ мен МЕА-дің тозуы, мың тг. | 25266,6 | 53510 | +28243,4 | +111,7 |
7 | Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, мың тг. | 174753,7 | 214317,3 | +39563,6 | +22,63 |
8 | Ағымдағы активтер, мың тг. | 111376 | 84995,5 | -26380,5 | -23,7 |
9 | ТМҚ, мың тг. | 30827,5 | 51080,2 | +20252,7 | +65,69 |
10 | Жалпы капитал, мың тг. | 286706,1 | 319694,5 | +32988,4 | +11,50 |
11 | Автономия коэффиценті, % | 0,33 | 0,42 | 0,1 | +27,2 |
12 | Қаржылық тәуелділік коэффиценті, % | 0,66 | 0,58 | -0,1 | -13 |
13 | Қарыз қаражаттарының коэффиценті, % | 1,98 | 1,40 | -0,6 | -29,4 |
14 | Инвестицияларды жабу коэффиценті, % | 0,88 | 0,73 | -0,2 | -17 |
3-кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
15 | ТМҚ-ды жабу коэффиценті, % | 3,21 | 0,74 | -2,5 | -77 |
16 | Негізгі құралдардың нақты құнының коэффиценті, % | 5,67 | 4,20 | -1,5 | -25 |
17 | Амортизацияның жинақталу коэффиценті, % | 0,13 | 0,2 | +0,1 | +53 |
18 | Ағымдағы активтер мен қозғалмайтын мүліктің арақатынасының коэф., % | 0,71 | 0,84 | +0,1 | +18,7 |
Ескерту — «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша |
Қаржылық тәуекелділік коэффициенті 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ға төмендегенін анықтап көрсетіп тұр.
Кәсіпорын дағдарысты жағдайдан өзінің несиелік қарызын азайту, артық ТМҚ мен негізгі құралдарды өткізу арқылы ғана шыға алады. Кәсіпорын өзінің күшін қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы керек, өйткені ол жалпы алғанда қанағаттанарлықсыз болып табылады.
«ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне талдау жасау қажет, олар 6 және 7 кестелерде көрсетілген.
Бұл көрсеткіштер компанияның қызметінің экономикалық тиімділігінің айғағы.
Кесте 4- «ФудМастер» ЖШС-нің іскерлік белсенділігін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2009 | 2010 | өзгеруі | |
теңгемен | %-бен | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2. | Активтердің орташа жылдық құны, мың теңге | 303200,3 | 258170,3 | -45030 | -15 |
3. | Өзіндік капиталдың орташа жылдық құны, мың теңге | 114876,1 | 60058,4 | -54817,7 | -52,2 |
4. | Ұзақ мерзімді активтердің орташа жылдық құны,мың теңге | 128654,4 | 136751,3 | +8096,9 | +6,2 |
5 | НҚ орташа жылдық құны, мың теңге | 238021,0 | 166285,0 | -71736 | -30 |
6 | Ағымдағы активтердің жылдық құны, мың теңге | 98185,8 | 87436,7 | -10749,1 | -11 |
7 | Матер. орташа жылдық құны, мың теңге | 34794,0 | 25504,6 | -9289,4 | -26,7 |
8 | Дайын өнімнің жылдық құны, мың теңге | 1361,6 | 2271,8 | +910,2 | +66,8 |
4-кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
9 | Дебиторлық борыштың орташа жылдық шамасы, мың теңге | 50647,4 | 53172,2 | +2524,8 | +5 |
10 | Кредиторлық борыштың орташа жылдық шамасы, мың теңге | 7902,3 | 5914,8 | -1987,5 | -26,2 |
11 | Активтердің айналым коэффиценттері | 2,6 | 2,5 | -0,1 | -3,9 |
12 | Өзіндік капиталдың айналым коэфф-і | 6,9 | 10,7 | +3,8 | +55,0 |
13 | Ағымдағы активтердің айналым коэффиценті | 8,1 | 7,3 | -0,8 | -9,9 |
14 | Ағымдағы активтердің айналым ұзақтығы | 44,3 | 48,7 | +4,4 | +10
|
17 | Материалдардың айналым коэффиценті | 22,9 | 22,9 | — | — |
18 | Дайын өнімнің айналым коэффиценті | 585,8 | 284,5 | -301,3 | -51,5 |
19 | Дебиторлық борыштардың айналым коэффиценті | 15,7 | 12,1 | -3,6 | -22,9 |
20 | Кредиторлық борыштардың айналым коэффиценті | 100,9 | 109,2 | — | — |
Ескерту — «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша |
4-кесте бойынша активтердің орташа жылдық құны 15 %-ға кеміді. Сонымен қатар активтердің айналым коэффициенті 3,9 %-ға, ал дайын өнімнің айналым коэффиценті 2 есе төмендеп, 284,5-ді құрады. Активтердің айналымдылық коэффиценті 1 жыл ішінде 2,6- дан 2,5 есеге кішкене ғана төмендеген, яғни ол бір жыл ішінде өндіріс циклі неше рет болғанын көрсетеді.
Сондай-ақ өндірістік қорлардың айналымдылығы баяулағанда инфляция мен шаруашылық байланыстардың құлдырауы жағдайында айтарлықтай таралымды болып келетінін айта кеткен жөн.
Кесте 5 — «ФудМастер» ЖШС-нің табыстылығын талдау
№ | Көрсеткіштер | 2009 ж. | 2010ж. | Өзгеруі | |
мың тг. | %-бен | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг. | 646402,6 | 797610,0 | 151207,4 | +23,4 |
5-кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | Жалпы табыс, мың тг. | 230287,4 | 254049,1 | 23761,7 | +10,3 |
3 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг. | 545522,6 | 720685,9 | 175163,3 | +32,1 |
4 | Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. | 100880,0 | 79624,1 | -23955,9 | -24,7 |
5 | Таза табыс, мың тг. | 82717,3 | 41632,9 | -41084,4 | -49,7 |
6 | Ағымдағы активтер, мың тг. | 111376,0 | 84995,5 | -26380,5 | -24,7 |
7 | Ұзақ мерзімді активтер, мың тг. | 175330,1 | 234699,0 | 59368,9 | +33,9 |
8 | Меншіктік капитал, мың тг. | 96343,2 | 133409,0 | 37068,8 | +38,5 |
9 | Ағымдағы активтердің табыстылығы | 0,74 | 0,49 | -0,25 | -34 |
10 | Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы | 0,47 | 0,18 | -0,29 | -62,4 |
11 | Өткізілген өнімнің табыстылығы | 0,13 | 0,05 | -0,08 | -59,2 |
12 | Өткізу көлемінің табыстылығы | 0,36 | 0,32 | -0,04 | -11,6 |
13 | Негізгі қызметтің табыстылығы | 0,18 | 0,11 | -0,08 | -42,3 |
14 | Меншіктік капиталдың табыстылығы | 0,86 | 0,31 | -0,55 | -63,7 |
Ескертулер — «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша |
5-кестеде «ФудМастер» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері талданған. Кестедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның жалпы табыстылығы төмендегені туралы қорытынды жасауға болады.
Өнімді өткізуден түскен табыс (23,4 %), жалпы табыс (10,3 %), активтер (24,7 %), меншіктік капитал (38,5 %) көбейгенімен таза табыс (50 %) пен негізгі қызметтен түскен табыстың (24,7 %) төмендеуі байқалады, ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан болған.
Осылайша «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайының төмендеуі туралы қорытынды жасауға болады, оны кәсіпорынның табыстылық, қаржылық тұрақтылық, өтімділік және іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің талдауы растайды, мұның барлығы өнімді шығару және өткізу бойынша шығындардың көбеюімен, міндеттемелердің өсуімен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі [21].
- КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ МЕН ТАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен жоспарлауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі — бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады. [21, 48 б]
Экономикалық талдау — бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, экономикалық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.
Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроэкономикалық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.
Шаруашылық қызметін талдау мазмұны кәсіпорынды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынадай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.
Жоспарлаудың көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті кәсіпорын дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ресурстар____ |
Басқарылатын жүйе
(жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық, маркетингтік және басқа да қызметтер) |
Өнімдер мен қызметтер
|
Басқаратын жүйе
|
Сурет 5. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны
Дерек көзі: Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады. [7, 60 б]
Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорындардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және тағы басқасы айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.
Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық қызметті талдау рөлі өте маңызды. Кәсіпорын үшін жоспарды бекіту, шын мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың орындалу нәтижелері ескеріледі, кәсіпорынның даму тенденциясы зерттеледі, өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.
Талдаудың бұл қызметі — жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан — әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және кәсіпорын жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.
Кәсіпорын қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақ тұрғысынан талдау қажет, өйткені оны бағалау критерилері әр түрлі болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның құралдары мен оның қалыптаусу көздерін орналастырумен сипатталады. Қаржылық жағдайды таңдау, кәсіпорынның иелігіндегі қаражаттар қаншалықты тиімді пайдаланылуда екендігін білу мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін бейнелейді: жеке қаражаттар мен қамтамасыз ету және олардың сақталуы, тауарлы – материалдық құндылықтардың нормаланған қорының жағдайы, дебиторлық және кредиторлық борыштылық жағдайы және қозғалысы, айналым құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыз етлуі төлем қабілеттілік.
Кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Кәсіпорын қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет. [25, 86 б]
Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады.
Әртүрлі қызметтік бағыты мен кәсіпорын қаржыларын жоспарлау және есепке алуда пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорынның қаражаты негізігі және айналмалы болып екіге бөлінеді.
Негізгіге 100 минималды еңбекақының құнынан кем емес және қызмет ету мерзімі олардың құнына тәуелсіз бір жылдан аз болмайтын мерзімдегі қаражаттар жатады. Негізгі құралдар бір қатар жылдар бойы өз формасын өзгертпей әрекет етеді. Олардың құны, оларды пайдаланудың барлық мерзімі ішінде өндіріс шығынына жатқызылады. Айналым қаражатына өндірістік запастардың құрылуының және өнімді өндіру мен өткізу процесіндегі шғындарды аванслауды қамтамасыз ететін кәсіпорындық құралдар жатады. Шикізат және материалдар запастарм ен қатар, оларға бітпеген құрылыс, дайын өнім оның сатылуына дейін ақша қаражаты және дебиторлық борыш жатады./9/
Кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтайтын маңызды фактор ретінде оның айналым құралдарын жағдай табылады. Айналым қаражаттары дегеніміз өндірістік запастарды құру өндіріс процесінің үздіксіздігін және өнімнің сатылуын қамтамасыз ететін авансылау үшін қажетті ақша ресурстарын айтуға болады. Жоспарлау тәсілдері бойынша олар нормаланған және нормаланбаған болып бөләнеді.
Норамаланған айналым құралым болып өндіріс және өнімді өткізу үшін қажет минималды запастардың нормативтері бекітілетін айналым қаражаты табылада. Нормаланбаған айналым қаражатына нормативтері бекітілмейтін айналым қаражаттары жатады (ақша құралдары, тиелген өнім үшін сатып алушылармен есеп айырысу, ұйымдармен және тұлғалармен түрлі есеп айырысулар, жетіспей қалу және т.б.).
Өндіріске қызмет көрсететін айналым қаражаты, материалдары, құны аз заттарды, ыдыстарды қосалқы бөлшектерді қоса алғандағы барлығын өндіріс саласындағы қаражаттар деп айтылады. Оларда кәсіпорынның айналым қаражатының негізгі бөлігі жинақталған. Айналыс сферасындағы айналым құралдары өнімді өткізудің үздіксіз процесіне, есеп айырысулардың дәл уақытында жүргізілуіне арналған және дайын өнімнен, тиелген тауарлардан, ақша құралдары мен есеп айырысулардағы құралдардан тұрады. Айналым құралдарының қалыптасу көздері өзінді және займдық болып бөлінеді. ¤зіндік айналым қаражаттары және оларға теңестірілген қаражаттар болашаққа запастар мен шығындарды аз көлемде жабу үшін қаражат бөлінеді және кәсіпорынның тұрақты иелігінде болады. Займдық айналым қаражаты мерзімдік шығыгдарды және запастарды, және ақша құралдарына, мысалы өндірістік тапсырмаларды артық орындаумен байланысты уақытша қажеттілікті жабу үшін пайдаланылады. [23, 47 б]
Кәсіпорынныңғ қаржылық қызметін талдау үшін мәліметтердің негізгі көзі – есептік бухгалтерлік баланс, балансқа қосымшалар. Қаржылық қордың және оның жеке баптарының мазмұнын дәйектейтін басқада есептік формалар қаржы көрсеткіштеріне әсер ектен факторларды зерттеуге мүмкікндік береді. Сонымен қатар, қаржылық жоспардың тартылған мәліметтер дебиторлық және кредиторлық борыштарының қалыптасуының мерзімін көрсетеді.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т.б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде кәсіпорынның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.
Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.
Талдаудың кәсіпорынды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:
- шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына, өндірістің ғылымды және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;
- басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға біртіндеп көшуден;
- меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру мен экономикалық реформаның басқа да шараларына байланысты шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.
Осындай жағдайларда кәсіпорын басшысы тек өзінің түйсігіне және ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты экономикалық талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық шаралар соның экономикалық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы тиіс. Шаруашылық қызметті талдау рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар етеді. Шаруашылық қызметті талдау байыппен қарайтын кәсіпорындар жақсы нәтижеге, жоғары экономикалық тиімділікке жетеді. [9, 108 б]
Кез-келген бизнес келесі үш басты сұрақтарды қоюмен оған жауап іздеуден басталады:
- Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның активтерінің тиімді құрамымен көлемі қандай болуы қажет;
- Қаржыландырудың көздерін қайдан табу қажет және олардың тиімді құрамы қандай болуы қажет;
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығыгн қамтамасыз ететін қаржылық қызметі ағымдағы басқаруды қалай ұйымдастыру қажет; [11, 67 б]
Кәсіпорындардың қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:
- Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
- Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
- Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
- Мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде, мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
- Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
- Сақтаныру органдарымен мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде. [5, 40 б]
Кәсіпорындардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
- Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
- Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
- Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
- Корпорациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады.
Корпорацияның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Корпорация қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, корпорацияның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты корпорацияның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет.
Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады. [17, 106 б]
Корпорация жағдайын дәл бағалау және арықарай шешім қабылдау үшін біз жақсы немесе жаман деп айта алмаймыз, бізге тарихи сандық базаның болуы қажет, қаржы нәтижелері туралы есеп пен баланс статьларының мәліметтерін салыстыра отырып корпорацияның экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін коэффициенттер жүйесін анықтау қажет. Бұл коэффициенттерді талдау жетекшіге корпорация ресурстары мен міндеттемелері қалай пайдаланылуда екендігін түсінуге, басқару шешімдерінің бұрын қабылданған нәтижелері ретіндегі болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Мұндай талдау тауарлардың үлкен запасын анықтауға жоғары шығынды бағалауға, өлшемсіз несиелерді бағалауға, қарызды дәл уақытысында төлеу қабілетін, корпорацияды тиімді басқарудың салыстырмалылығы мәселесіне жауап беруге көмек береді.
Қаржы жағдайын байқауға қанша және қандай коэффициентерді немесе көрсеткіштерді талдау қажет деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап өте жеке және Корпорация көлемі мен қызмет түріне байланысты, сонымен бірге осы мәселені қарастыру үшін корпорацияның аз ғана ақша бөле алатын қаржы және уақытша шығындары болып табылады. Коэффициентерді талдау, егер ол артық бөлікке бөлініп талданатын болса өзінің мәні мен дәлдігін жоғалтуы мүмкін екендігін айтып өту қажет.
Коэффициентерді талдау тек корпорация басшысы үшін мүдделі емес. Банкир немесе басқа мүмкін инвестор түрлі коэффициент және көрсеткіштерді салыстыра келе несие бөлу туралы шешімді қабылдауда пайдалана алады. Бұл корпорация қызметінің көрсеткіштерін зертте келе, потенциалды серіктес осы немесе басқа кәсіпкермен іс жүргізу бола ма не болмайтындығы туралы қорытынды жасайды, Егер кәсіпкер өз кәсәіпорнын сатқысы келсе, бірқатар коэффициентердің көлемдері оған сатып алушы төлеуге дайын болатын бағаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. [2, 98 б]
Коэффициенттердің (көрсеткіштердің) төрт негізгі категорияларын қарастырайық:
- өтімділік
- пайдалылық
- қаржы міндеттемелерін пайдалану
- ағымдық көрсеткіштер.
Қажеттілігіне қарай басқа да коэффициенттерді пайдалануға болады.
Өтімділік білдіреді: 1) – есеп счеттарды өз уақытында төлеу үшін ақша құралдарының қажетті запастарын иелену және 2) – ақша құралдарына кенеттен пайда болатын қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті.
Корпорацияның өтімділігінің бірінші және басты өлшемі жалпы өтімділіктің коэффициенті немесе жабу коэффициенті болып табылады. Жабық коэффициенті тез өтімді активтерін пайдалана отырып, қысқа мерземді міндеттемелерді мерзімінде төлеуге корпорацияның қабілетін анықтайды. Бұл коэффициент ағымдық активтердің ақша бірліктері ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелердің бір ақша бірлігіне қаншасы келетіндігін көрсетеді. Егер арақатынас 1:1-ден аз болса, ағымдық активтерден міндеттемелердің асып кетуін білдіреді. Бұл қаржы жоғары тәуекелділік туралы, сонымен бірге өнімді өткізу қиындықтары туралы, сондай-ақ материалды-техникалық жабдықтауды нашар ұйымдастырғандығы туралы куә бола алады. Бұл корпорация активтері жеткіліксіз рационалды пайдаланғандығы туралы және корпорация қызметі көбінесе кредиторларға байланыстылығы жөнінде алдынала ескерту болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. [14, 50 б]
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем қабілеттілікпен тығыз байланысты. Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономика жағдайында өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту, кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда — қарыз қаражаттары есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен қаржылық тәуелсіз болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1, K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:
K³1 = Заемдық қаражаттар (4)
Жалпы капитал
Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің қорытындысы).
Қаржылық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем қабілеттілік, нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің әрекеттеріне тәуелді болмау. Сондықтан бағалаудың осы түрі, жақыннан қараған кезде, төлем қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті өтімділікке ұқсатады және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы деп, менің ойымша, қаржылық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін қаржылық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік нүктесі — бұл нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды қарызға алуға тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес, керісінше тек теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен айтқанда мүмкін болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайынының маңызды сипаттамаларының бірі — ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2003).
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткішті анықтайды:
- Меншікті айналым капиталы. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды, өткен кезеңмен салыстырғандағы оның ұлғаюы кәсіпорын қызметінің онан арғы дамуын дәлелдейді. Бұл көрсеткіш келесі формуламен (5) анықталады [18, 275-285 б]:
Со.к.= Ск — Да , (5)
мұндағы Со.к. – меншікті айналым капиталы;
Ск – меншікті капитал;
Да – ұзақмерзімді активтер.
- ТМҚ-ның меншікті және ұзақ мерзімді қарыздық қалыптасу көздері немесе перманентті айналым капиталы. Ол алдыңғы көрсеткіштің ұзақмерзімді міндеттемелер соммасына ұлғаюымен анықталады, оның формуласы (6) келесідей анықталады:
Сок]д= Со.к. + До, (6)
мұндағы, Сок]д— перманентті айналым капиталы;
До – ұзақмерзіміді міндеттемелер.
- ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері келесі формуламен (7) анықталады [18, б.275-285]:
ИО= Сок]д + Кк, (7)
мұндағы, ИО- ТМҚ негізгі қалыптасу көздеренінің жалпы мөлшері;
Кк – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі баланс валютасында меншікті қаражаттардың үлесін анықтайтын тәуелсіздік коэффиценті болып табылады, ол формула (8) бойынша анықталады [19, 249-256 б]:
, (8)
мұндағы, Кн— тәуелсіздік коэффиценті;
Ск – меншікті капитал, мың теңге;
∑К – капиталдың жалпы соммасы, мың теңге.
- Қалыптасқан қауіпті жағдайды тәуелсіздік коффицентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффиценті де көрсетеді. Ол келесі формула (9) бойынша қарастырылады [19, 249-256 б]:
немесе Кз = 1- Кн, (9)
мұндағы, Кз— тәуелділік коэффиценті;
Зк— қарыз капиталы.
- Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын келесі көрсеткіш қаржыландыру коэффиценті болып табылады, оның формуласы (10) [19, 249-256 б]:
(10)
мұндағы, Кф – қаржыландыру коэффиценті.
Коэффицент кәсіпорынның қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар арқылы, және қай бөлігі қарыз қаражаттары арқылы қаржыландырылатынын көрсетеді. Оның мәні Кф ≥ 1 болуы қажет.
- Қарыз және меншікті қаражаттар арақатынас коэффиценті активтерге салынған меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыз капиталы тартылғанын сипаттайды, ол келесі формуламен (11) есептеледі [19, 249-256 б]:
(11)
Бұл көрсеткіштің қалыпты шегі Кз]с ≤ 1.
- Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып маневірлілік коэффиценті табылады. Коэффицент еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын меншікті капиталының қай бөлігі мобильді түрде екенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі деңгейі кәсіпорын меншікті капиталының маңызды бөлігі қысқа уақыт аралығында қолма-қол ақша-қаражаттарына айналу мүмкіндігі жоқ, аз өтімді болып табылатын иммобильді сипаттағы құндылықтарға шоғырланғанын білдіреді.
Кез-келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі ерекшеліктерімен анықталады.
Біріншіден, ресурстар (материалды, қаржылық, интеллектуалды, ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.
Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше, уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.
Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар: нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі, мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).
Кәсіпорынның қаржылық бюджетінің шығыс бөлігі әр бабы бойынша дұрыс немесе бұрыс жұмсалған артық шығынның себебін анықтай отырып талданады. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпорынның келешектегі төлем қабілетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының кірісін жоспарланған түрде көбейту резервтері айқындалуы тиіс.
Талдау процессінде аталған көрсеткіштердің динамикасы. Олардің деңгейі бойынша жоспардың орындалуы зерттеледі, шарауашылық аралық салыстырулар жүргізіледі. Осыдан кейін олардың мөлшеріңің өзгеру факторлары зерттеледі.
НӨҚ-дың құрылымы мен динамикасын талдау барысында кәсіпорынның негізгі құралдарға капитал салымының өлшемін бағалау қажет, ол арқылы өндірістік қызметтің функционалды ерекшеліктерін анықтауға болады.
Бұндай бөлшектеу оларды оптималды құрылымға негізіде қолданудың тиімділігін көтеру резервтерін анықтау үшін қажет.
Директордың міндеті ЖШС «ФудМастер» компаниясының жарғысында көрсету коэфиценті (К түзету)
Тозу
К түзету =
НҚЖ баланс құны
Жарамадылық коэффиценті (К жарамдық)
К жарамдық = НҚЖ қалдық құны
НҚЖ бастапқы құны
Келесі талдау амалы бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік корларымен қамтамасыз етуін талдау, яғни жеке машина түрлерімен қамту өнім шығаруы бойынша жоспардың орындалуына қажетті жоспардың қажеттілігімен нақты саны салыстырып олардың механизімі белгіленеді.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының қамтамассыз етуін көрсететін жалпылама көрсеткіштердің бірі бұл – қаржырықтандыру мен техникалық жарақтандыру мен техникалық көрсету.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалық көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерің, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Талдаудың негізгі мақсаты — қаражаттың қызметтегі кемшіліктерді дер мезгілінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражатының жағдайын және төлеу қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.
3.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын жақсарту шаралары
«ФудМастер» ЖШС-нің жалпы шаруашылық қызметін, соның ішінде қаржылық, өндірістік және маркетингтік қызметтеріне тоқтала отырып, бірнеше ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын ұсынуға болады.
«ФудМастер» ЖШС-нің даму жолындағы негізгі мақсаты қызметінің жалпы табыстылық деңгейі мен тиімділігін арттыру. Бұл мақсаттарға жету үшін Компанияда келесідей даму бағыттары қарастырылуы қажет:
а) қазіргі кезде өндіріліп отырған өнім көлемін арттыру мақсатында өндірістік кешеннің максималды сауаттылығын іске қосу. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндіріс сауаттылығы толығымен жұмылдырылмаған, яғни кәсіпорын өнімді тапсырыс бойынша ғана шығарып, өз тұтынушыларын жоғалтып алуда;
б) сақтау мерзімін ұзартып, профильді қораптағы өнімдерді өндірудің жаңа әдісін ұйымдастыру;
в) шығындарды төмендету;
г) негізгі өндіріс пен коммерциялық және көтерме сауда департаментінің мүмкіндіктерін қосымша табыс табу мақсатында максималды пайдалану;
д) өндірілген өнім көлемін арттыру, сондай-ақ франчайзингтен қосымша пайда табу мақсатында «Жамбыл-нан » сауда белгісін жандандыру (ең алдымен сақтау мерзімі ұзақ қораптағы өнімдер үшін).
Кәсіпорын мүмкіндіктеріне келер болсақ, соңғы кездері ірі әмбебап дүкендер мен кішігірім азық-түлік дүкендерінің саны айтарлықтай көбейді. Осы негізде тұтыну көлемі ұлғая қойған жоқ, яғни сауда ұйымдары арасында бәсеке қатая түскенін көруге болады. Сондықтан да жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыру үшін келесідей іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет.
- Ең бастысы Компания клиенттерге бағытталуы керек. «ФудМастер» ЖШС-мен келісім-шартпен жұмыс істейтін әр бір дүкен, әр бір сауда кәсіпорындарының басқа нан зауыттарымен жұмыс істейтін әмбебап және кішігірім азық-түлік дүкендеріне қарағанда нарықтық артықшылықтарға ие болуы қажет. Осы тұрғыда кәсіпорын жүргізетін саясат клиенттермен дұрыс қарым-қатынаста ұстау болып табылады.
- Бағасы тиімді, ал сапасы ұзақ мерзімге жарамды әрі кең ассортиментті өнім өндіру арқылы. Бұл саясат арқылы кәсіпорынға деген тұтынушы қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ сату көлемі мен олардың географиясын кеңейту арқылы пайданы көбейту.
- Шығарылған өнім сапасын тұрақты түрде және қатал тексеріп отыру қажет. Шикізат сапасынан бастап, дайын өнім сапасына дейінгі кезекңдегі сапаны тұрақты бақылап отыру.
- Шығындарды төмендету арқылы өндіріс тиімділігін арттыру. Шығындарды төмендету жұмыстар тұрақты сипатта болып, өндіріс процесінің барлық бөлімшелерін қамтуы қажет және де мұнда үнемділікті де ұмытпауымыз қажет.
- Коммерциялық департаментінің (маркетинг білімімен қоса) коммерциялық департаментінің ұйымдық құрылымын өзгерту қажет. Бұл тұрғыда жылжыту логикасына көп көңіл бөлу қажет.
- Өз сауда белгісін жетілдіру және өз уақытылы қораптама. Тек осы әдістеме ғана «ФудМастер» ЖШС-і өздігінен жарнама бюджетін көтере алмауынан тиімді жарнама компаниясын жүргізуге мүмкіндік мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл әдіс арқылы франчайззингтен қосымша табыс алуға болады.
- Жоғары класты инфрақұрылым. Тиімді құрылымнан тасымалдау автокөліктері, жіктеу технологиясының бір сарындалағы мен ақпарат құрылымдарының қазіргі заманға сай компьютерленуі. Дұрыс, әрі тиімді құрылған инфрақұрылымсыз болашақта тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес.
- Нарық жағдайының өзгермелілеріне тұрақты бейімделу.
- коммерциялық департаментінің барлық тиімді мүмкіндіктерін толық пайдалануға және де негативті факторлар жеңіп шығуға әрдайым дайын болуы керек.
- Кез-келген шешімдердің кешенді тәсілмен шешілуі
Жоғарыда көрсетілген тезистер арқылы Компания табыстылығын арттыруға мүмкіндік бар.
Біз тоқталып өткеніміздей 2010 жылы кәсіпорын табыстылығы болмай, залалға ұшыраған. Осы негізде төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қарастырылуы қажет.
Негізгі мақсат биылғы жылы кәсіпорын табысын көтеру. Оған жетуге, біріншіден, өнімді өткізу көлемін арқылы, екіншіден шығындарды төмендету арқылы табысты көбейту. Осы негізде өнімді өткізуді қолда бар тауар ассортиментін, өндіріс қуаттылығын толықтай іске қосу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда айналмалы шығындар өседі, ал осының есебінен өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді, сәйкесінше өнім қабілеттілігі де өседі. Сүт және сүт өнімдері нарығындағы бәсекеқабілеттілілікті арттыру үшін келесідей параметрлерді қарастыруы-мыз қажет:
- өнім сапасы мен тұтынушылық қасиеті. «ФудМастер» ЖШС-і бұл параметрлер бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие. Бүгінгі күні «ФудМастер» ЖШС-і Алматы облысы бойынша ең сапалы сүт және сүт өнімдерін шығарады. Алайда өнім әрдайым жоғарғы сапаға ие болуы үшін оны үнемі бақылап отыру қажет;
- қолайлы бағалар. Компания шығындарды төмендетумен үнімі жұмыс істейтіндіктен баға-сапа қатынастарын ұстап тұрады. Бірақта сүт күнделікті қажетті тауар болғандықтан, ол тұрғындардың басты бөлігі орташа және төмен табысты болғандықтан, сүт өнімдерінің бағасын төмендету керек;
- жеткізудің қолайлы уақыты. Дүкендерге сүтті жеткізудің қолайлы, әрі ең тиімді уақыты таңғы сағат 7 мен 10-ның арасы. Ал компания Есік қаласы және Алматы облысы бойынша нарықтың үлкен бөлігін қамтитындықтан 100-ден аса автокөліктер екі бөліммен жұмыс істейді. Сүт өнімдерін түнгі кезеңмен апару тиімсіз болғандықтан Компания көптеген клиенттерін жоғалтып алды. Осы келеңсіздіктерді жеңу үшін екі кезеңнің уақытын тиімді уақыт кезеңіне жақындату.
«ФудМастер» ЖШС-тің қаржылай қызметінің нәтижесін жақсарту үшін бірнеше жетілдіру шаралары ұсынылды:
- Компания табыстылығы мен менеджмент қызметін арттыру үшін ең бастысы дұрыс құрылған менеджмент бөлімі болуы керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей «Жамбыл-нан» ЖШС-де менеджмент бөлімі толық қанды жұмыс істемейді. Ал, жалпы кәсіпорын табыстылығын, нарықтағы бәсекеқабілеттілігін арттыру менеджмент бөліміне келіп тірелетіндіктен, бөлім қызметінің тиімділігін арттыру басты мәселе болып табылады.
- Кәсіпорын үшін аса өзекті мәселе тауардың бағасын төмендету оның сыртқы тартымдылығын (дизайн) жоғарылату, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтап алып, кәсіпорынның күшті жақтарына сүйене отырып, маркетингтік стратегия дайындау. Бұл стратегия кәсіпорынның әлсіз жақтарын жоюға бағытталады.
- Алға қойған мақсатқа жету үшін фирмада нақты құрылған басқару жоспары болуы керек. Басқару жоспарынсыз кәсіпорын нарықта алға жылжи алмайды.
Әрбір өндіруші кәсіпорынның алдына қойған мақсаты өнімнің, атқарған қызметтің жемісін көру, яғни бір көзделген нәтижеге жету./29/
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші — бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін -жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкерлік шешімдердің қажетті шарттары болып табылады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі — бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлік белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы тұрақтылғы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелстік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
- қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
- өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
- бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
- кәсіпорын құнын барынша арттыру.
«ФудМастер» ЖШС-тің тәжірибеден өту барысында келесі қорытындылар жасалды. Кәсіпорын кез келген елдің ұлттық шаруашылық комплексінде орталық орында тұр. Бұл қоғамдық еңбек бөлінуінің алғашқы звеносы. Дәл осында ұлттық табыс қалыптасады. Нарықтық экономикаға бұрылу көптеген ұйымдастырушылық құқықтық кәсіпорындардың көбін бұған дайын еместігін көрсетті.
Басшылардың квалификациясы олардың міндеттеріне сәйкес. Директор мен директордың орынбасарының жоғарғы экономикалық білімі бар кассирдің орта арнайы білімі бар. Экономикалық қызмет жұмысы нақты деңгейде, бірақ бір кемшілігі бар: бұл бас бухгалтердің жұмысының көптігі және оның көмекшісі жоқ ол есепті өзі жазады,еңбек ақыны өзі есептейді, экономисттің функциясын өзі атқарады. Директордың функциясына сонымен қатар, көптеген міндеттер кіреді, олар өндірістік қызметті басқару, шикізатпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әсіресе көмірге қатысты мәселелерді шешеді.
Басқарушы персонал қызметті директормен бірлесе өндірістік көрсеткіштерді орындауға бақылау жасайды. Соныменқатар, директордың орынбасары қаржылық сұрақтарды, шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесін талдайды және қаржылық жоспрады орындайды да болашаққа өндірістік қаржылық көрсеткіштер болжамын құрады.
Осы курстық жұмыста кәсіпорында қаржынылық жағдайын талдау мен жоспарлаудың мәні, талдау мен жоспарлау әдістемелігі қарастырылған. Ол қаржылық жоспарлаудың барлық негізгі кезеңдерін қамтып, кәсіпорында табыстың құрылымын, қалыптасуын және бағалауын, жоспарлау әдісін көрсетеді.
Екінші тарауда, өздік жүйелі талдау жүргізілді, ол негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтап, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін талдау мен жоспарлауын көрсетті.
Соңғы тарауында, көсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланған, жене жоспар бойынша алынбаған табыстың себептері қарастырылған. Осы табысты жоспарлау бар проблемалар бойынша, тиісті шешу жолдары берілген және сонымен қатар табысты жоспарлау үшін жетілдіру жолдары берілген.
Курстық жұмыстың алдынан қойылған мақсаттары мен міндеттері орындалған, өйткені осы жұмыстың теориялық негіздері қарастырылып, ЖШС «ФудМастер» кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен жоспарлауы, оны жетілдіру жолдары жүргізілген.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Анташов В.А. Уварова Г. В. Экономический советник менеджера. Уч.-пр. пособие: М., 1996. Бригхэм Ю. Ф
- Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
- Бернстайн Л.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация. – М., 1996.
- Бригхэм Ю. Ф. Энциклопедия финансового менеджмента. – М., 1998.
- Бригхэм Ю. Ф., Гапсиски Л. Финансовый менеджмент. Полный курс: В 2-х томах. –С-П., 1997.
- Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие. – А.,1998.
- Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.
- Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 1996.
- Павлова Л. Н. Финансовый менеджмент. – М.: “Банки и биржи”, 1995.
- Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
- Финансовый менеджмент: Учебник для вузов/ Г.П. Поляк, И.А.Акодис и др.; — М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997. – 518 с.
- Уткин Э. А. Финансовый менеджмент. — М., 1998.
- Финансовый менеджмент. Под ред. Палека Г. Б. – М.: “Финансы”, 1997.
- Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С. Финансы предприятий. – М, 1997.
- Радостовец В. К. Организация финансового учета. – А, 1997.
- Рэй Вандер Вил. Управленческий учет. – М.: “Инфра-М”, 1997.
- Ван Хорн Дж. К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 1996.
- Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, — 2000 г.
- Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
- Карлин Т.Р. Маклин III Альберт Б. Анализ финансовых отчетов (на основе GAAP). – М., 1998.
- Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
- Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
- В.В.Бочаров Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2002. – 544 с.
- Балабанов И.Т. «Қаржы менеджменті негіздері» Капиталды қалай басқаруға болады?. — М.: Финансы и Статистика, 1994.
- «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2009ж. 23 ақпан.
- «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2010 ж. 5 ақпан.
- «Фудмастер» ЖШС мәліметтері. google.kz
- «Фудмастер» ЖШС-нің 2009-2010 жылдардағы Жылдық Есебі.
- Чимгентбаева Г.К. Реструктуризация предприятия: проблемы и механизмы вывода из кризиса (на материалах легкой промышленности Республики Казахстан). — Дисс.канд.экон.наук. Тараз, 2009.-124с.
- «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, № 9, 8- 2010 г. 2-3 стр.