Ресейдегі қазіргі жағдай: Наразылық кезінде 3296 адам ұсталған (тікелей эфир)
Навальныйдың Новосибирскідегі штабының баспасөз хатшысы 8 тәулікке қамауға алынды.
Сенбі күні кешке Навальныйдың серіктесі Леонид Волков наразылық шаралары келесі демалыс күні жалғасады деп мәлімдеді.
Акцияға қатысушылардың жалпы санын бағалау мүмкін болмай отыр. Reuters 40 мың адам қатысқаны туралы хабарлады, «Белый счетчик» — шамамен 15-20 мың адам деді, ішкі істер министрлігі — төрт мыңға жуық адам деп отыр.
ОВД-инфо ақпараты бойынша Мәскеу уақытымен 04: 28-те бүкіл ел бойынша наразылық акциялары кезінде 3296 адам ұсталған.
Мәскеуде 1294 қатысушы ұсталды. Бұл 2019 жылдың 27 шілдесінен аз, ол кезде құқық қорғаушылардың айтуынша, Ресей астанасында 1373 наразылық білдіруші ұсталған.
Санкт-Петербургте демонстранттардың 489-ы ұсталды.
Ресей Ішкі істер министрлігі тұтқындаулар туралы ресми мәліметтерді әлі берген жоқ.
Ааразылық акцияларында 300-ге жуық кәмелетке толмаған балалар ұсталды, оның 70-ке жуығы — Мәскеуде, 30-ы — Санкт-Петербургте, деп мәлімдеді балалар омбудсманы Анна Кузнецова.
Якутскіде жергілікті тұрғындар 50 градус аязда Навальныйды қолдайтын митингіге шықты.
Екатеринбургте шеру алғашында бейбіт өтті, бірақ кейін полиция ұстай бастады және наразылық білдірушілерді қатып қалған Қалалық тоғанға қарай итермеледі.
Самарада, Уфада және Қазанда наразылық білдірушілер әкімшілік ғимаратына жетіп үлгерді, оның кіруін полиция жауып тастады.
Сочиде, Ставропольде және Воронежде 40-тан астам адам ұсталды.
Навальныйды қолдайтын видео түсірген Курск полициясының майоры Руслан Агибалов сенбі күні ішкі істер органдарынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік оппозиция жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың негізін қалаушы Алексей Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда оралды, ол жерде тамыз айының соңынан бастап уланудан емделді.
Шереметьевода паспорттық бақылаудан өтіп жатқан кезде ол ұсталды .
Кейін Навальный «өзімді өлтіретін ойы жоқ» екенін жариялады.
Батыс саясаткерлері Навальныйды босатуға шақырып , Ресейдің жаңа санкцияларға ұшырауы мүмкін екенін ашық айтты.