Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды

0

2018 жылғы 5 желтоқсан 21:40 25

Шымкенттің жедел жәрдем қызметі екі айлық сәбиді өлім аузынан аман алып қалды


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат — Шымкенттің жедел жәрдем қызметі өлім аузынан екі айлық сәбиді аман алып қалды. Дер кезінде жүргізілген ем-домның арқасында нәрестенің жағдайы қалпына түсіп, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша  шақырту күндізгі сағат 11:12-де тіркелген. Екі айлық сәбидің туыстары  оның ес-түссіз жатқанын жеткізген.

«Шақыртуды  №17 бригада қабылдап алды. Олар науқастың  үйіне жетіп, сәбидің жағдайын тексерген. Дәрігерлер баланы қарау  кезінде оның есін жоғалтқанын, жүрек қағысы нашарлап кеткенін анықтаған. Жедел түрде жан сақтау шараларын жасаудың нәтижесінде 3 минуттан кейін сәбидің жүрек қағысы қалпына келіп, тыныс ала бастаған. Науқас бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді» делінген хабарламада