Шымкентте емші 13 жасар баланы өлтіріп алды – видео

0

Халық емшісі жасөспірімнің сынған қолын емдеген деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Шымкентте емшіге барған 13 жастағы бала көз жұмды.

12 тамыз күні шамамен түнгі сағат 22.00-де жедел жәрдем көлігі 18-шағынаудандағы № 13 үйге келген, 2006 жылы туған балаға медициналық көмек қажет болды. Алайда дәрігерлер келгенше бала жан тапсырған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Тағы оқыңыз: Бақсы өлтіріп қойған жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын баяндады

Болжамдардың бірі бойынша, халық емшісі 13 жастағы баланың сынған қолын емдеген, бала соның салдарынан қайтыс болуы мүмкін. Оқиға орнында Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Журналистер оқиғаның мән-жайын білу үшін Шымкент қаласының полиция департаментіне сұрау жолдады. Қайтыс болған баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Белгілісі, жасөспірімді емшіге ата-анасы әкелген.



sputniknews.kz