Одағай сөздер, қазақ тілінен ашық сабақ жоспары
Сабақ мақсаты: Одағай сөздер туралы оқушыларға жан — жақты, мол мағлұматтар беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Сабақ жабдығы: Оқулықтар, дәптерлер, керекті құралдар, слайд, үлестірме қағаздар, тб
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Психологиялық дайындық: Оқушылар бір — біріне сәттілік тілейді, оқушылар топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: 46 — жаттығу
(Мәтіннен шылауы бар сөйлемдер теріп жазылады, Абай, Ыбырай, Әбіш туралы сұрақ — жауап кезеңі, Абай мен Әбіш рөлінде диалог құралады.)
Өткенге шолу: Сәйкестендіру тапсырмасы:
Зат есім ——— Сегіз, он бес
Етістік ——— Үшін, туралы
Сын есім ——— Жүгірді, секірді
Сан есім ——— Мен, сен, ол
Есімдік ——— Қазір, түнде
Үстеу ——— Қызыл, көк
Шылау ——— Ахмет, Дана
Жаңа сабақ:
(Дәптер ауыстырылып, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.)
Топтық жұмыс:
І топ: Ережені түсіндіру
ІІ топ: (сөйлемдердің ішінен одағайларды табу)
Уа, бауырым, амансың ба?
Па, шіркін, жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!
ІІІ топ: (Сөйлемдерге одағай сөздер қойып оқу)
Балжан — ау, мен ұмытып кетіппін.
Қоңырдың баласымысың?
Керекті сөздер: әй, япырмай
Мұғалімнің тереңірек түсіндірмесі:
Одағай
1. Негізгі одағайлар Ау, па, ей, әй, е, уа, уау,
Уай, я, пай, ә, о, охо, ой, тб
2. Туынды одағайлар Мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға, тб
3. Ишарат одағайлар Қәне, қанеки, ал, әйдә, тб
4. Жекіру одағайлары Жә, тәйт, тек, тб
5. Жануарларға арнап айтылатын одағайлар Шәйт, шек, құрау — құрау, пырс, көс — көс, мох — мох, тб
6. Шақыру одағайлары Ау, ей тб
7. Көңіл — күй одағайлары Алақай, бәрекелді, ура, әттеген — ай, пішту, бай — бай, тб
8. Императивтік одағайлар Сап — сап, әлди — әлди, әйда, әй — шай тб
9. Тұрмыс — салт одағайлары Хош, хайыр, ләббай, тб
Жұптық жұмыс
(оқулықпен жұмыс)
Шіркін, мына атқа мінер ме еді!
Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл.
Әттеген — ай, көре алмай қалдым — ау!
Е, тәйірі, кузектің шөбі бітуші ме еді?
Түу, қандай тымырсық түн!
Алақай, емтиханнан бес алдым!
Әттеген — ай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
Шіркін — ай, киноактер болсам!
Мәссаған, сен қашан келдің?
– Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба!- дейді.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Камбарова Айнур Бекишовна
Одағай сөздер жүктеу