Қазақша Құттықтау — тілек: Туған күн (Ана — Мерейтой 50 жас)
Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір.
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір.
Мейірімнің нұры тұнып жанарыңа,
Қарайсың әкеміздің жанарына.
Балаларың бақытқа бөленеді,
Көзіңнен күннің нұры тамады да.
Төріңнен күн жоқ қонақ толастаған,
Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән.
Ананы Қазақ – тәңір санапты ғой,
Өзіңнен бұл фәниде жан аспаған.
Анажан, түсір күткен келініңді,
Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді.
Жүре бер шаңырақтың құты болып,
Аспанға атайын мен бөрігімді.