Мөлдір Әуелбекова әкесіне «Джип» мінгізді (Видео)
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әкесінің мерейтойына көлік сыйлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Әнші өзінің әкесін 60 жасқа толуымен құттықтап, жазба жариялады.
«Асқар тауым Есіркеп Қапайұлы 60 жасқа толды! Аллаға сансыз шүкір! Көңілін көтеріп бала шаға жиналып джип мінгіздік! Тілектеріңізді жаудырыңыздар, оқып марқайып қалсын!», — деп жазған әнші әкесіне арнап видео жүктеген.
Оқырмандар жұлдыздың әкесіне ақжарма тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдіруде.
«100 жасасын, бала-шағасының қызығын көрсін», «Құрдас екенбіз. Ата-анаңа мықты денсаулық тілеймін! Жастары ұзақ болып, немере шөберелерінің қызығын көрсін», «Құтты болсын, керемет», — деп жазды олар.
Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова былтыр екінші рет тұрмысқа шығып, екінші рет ана атанды. Тұрмысқа шыққалы орамал тағып, киім үлгісін де өзгертті.