Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды
Оралда 1987 жылғы ер адамның мүрдесі табылған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат шамамен 08.30-да Конкин көшесі бойынан 1987 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша Орал қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
«Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шараларын жүргізуде» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат