Жаңалықтар

"Ләззат алаңда қаза тапты, өз-өзіне қол жұмсамаған": Ләззат Асанованың өлімі туралы шындық жария болды (ВИДЕО)

"Ләззат алаңда қаза тапты, өз-өзіне қол жұмсамаған": Ләззат Асанованың өлімі туралы шындық жария болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова қызының қазасы туралы ең ауыр хабарды 1986 жылдың 25 желтоқсанында естігенін айтады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ол күнді өмір бойы ұмытпаймын. Қателеспесем, 25 желтоқсан күні түскі шайымды ішіп алып, өзім де аңдамай сыртқа шығып кетіппін. Сыртта қызыл жағалылар қаптап жүр екен. Ол кезде ауыл адамдарына түрлі ескертулер жасалып, кіріп-шығуға тыйым салынғандықтан, бәріміз үрейде жүретінбіз. Ләззаттан ондай қаралы хабар келеді деп мүлде ойлаған жоқпын. Сыртта тұрғандар "Үйге кір" деп айтты. Сол сәтте қалай табалдырықтан аттағанымды өзім де сезбей қалдым. Ол көрініс әлі күнге дейін көз алдымда. Үйге кіріп, есік жақта сүйеніп тұра қалғанымда бір ақсақал ауыр хабарды жеткізді. Ол менен: "Алматыда оқып жүрген қызың бар ма еді?" деп сұрады. Мен "Бар" деп жауап бергенімде, "Сол қызың дүниеден өтті" деді", – деп еске алады анасы.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz