Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Айдана Меденова сахнаға қайта оралды

Айдана Меденова сахнаға қайта оралды
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Бұрын «Кешью» тобының құрамында өнер көрсеткен әнші Айдана Меденова ұзақ уақыттан кейін қайтадан ән айтуға кірісті. Соңғы жылдары дінге бет бұрған өнер иесінің бұл қадамы тыңдармандар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде Айдананың шығармашылыққа қайта оралуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған бойда жанкүйерлер жылы пікірлерін жаудырды. Көпшілік оның нәзік те танымал дауысын сағынғандарын жасырмай жазуда.

Өнер иесі өткен кезеңді еске алып, бір бейнебаян түсірілімі кезінде 26 сағат бойы тынымсыз жұмыс істеп, бірнеше рет образ ауыстырғанын бөлісті. Түсірілім аяқталған соң демалуға емес, бірден тамақтануға барғандарын да әзілмен атап өтті.

Желі қолданушылары әншінің сахнаға қайта шығуын қуана қабылдап, оның жаңа әндері мен тың бейнесін тағатсыздана күтіп отырғандарын айтуда. Кейбір тыңдармандар Айдананың қайта оралуы қазақ эстрадасына жаңа леп әкеледі деп сенеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.