Менің отбасым балабақшадағы ашық сабақтар

0

Менің отбасым

 

Орыстілді мектепалды  даярлық  тобына  арналған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
 
Пән мұғалімі: Ибрагимова Э.И.    
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тобы: мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: 
1. Балалардың «Отбасы» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің не істей алатынын айта алуға үйрету.
2. Сурет бойынша сөйлемдер құрап айтуға машықтану. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тіл дамыту.
3. Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың отбасымен түскен фотосуреттері, үлестірмелі материалдар, тақырыпқа сай слайдтар, пиктограмма суреттер. 
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, көрнекі суреттер, қазақ әліппесінің магнитті әріптері.
Әдіс-тәсілдер: мнемотехника, интервью (сұхбат), ойын әдістері.
Билингвальді компонент:
Менің отбасым – моя семья
Ана – мать,мама
Әке – отец, папа
Ата – дедушка
Әже – бабушка
Аға – старший брат
Әпке – старшая сестра
Іні – младший брат
Сіңлі, қарындас – младшая сестра
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері                   Педагогтің іс-әрекеті    Балалардың 
іс-әрекеті
Мотивация-
лық қозғаушы

Ұйымдастыру-шылық — 
ізденістік

Рефлексиялық
– түзетушілік    1.    Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме,  қонақтар!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!    
Сендерді көріп қуанам!
Ендеше, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.
—    Қане, балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!
                          
                   Жұмбақ:
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім?
— Отбасы.
 — Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын«Менің отбасым» деп атап отырмыз.
                    
                
                 «Ғажайып сәт».
— Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің қонағы —  «Балапан» телеарнасының кейіпкері – Білімпаз ата. Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр. Кәне, экранға назар аударайық!
Білімпаз ата:
— Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым — Білімпаз ата! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар! 

1. «Кімді көріп тұрсың?» ойыны. Балаларға экраннан отбасы  мүшелері флипчарт-прожектор арқылы бір бірден көрсетіледі. Балалар кімді көріп тұрғандарын айтады.

Мысалы:
—    Балалар, көздеріңді жұмыңдар… енді көздеріңді ашыңдар, экраннан кімді көріп тұрсың?
—    Мен атаны көріп тұрмын.
(ойын осылай жалғасады).

2. Мұғалім: -Балалар, енді сендерді «Баламен бетпе-бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар.
 — Бұл фотосуретте кімнің отбасы?
— Бұл – менің отбасым.
— Мынау кім?
— Мынау – менің анам.
— Анаңның аты кім?
— Оның аты – Елена.
— Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің?
— Мен отбасыммен саябақта қыдырып жүрмін.
 — Қандай керемет!Рахмет! — деген сияқты сұрақ-жауап бойынша екі бала арасында интервью әдісі жүреді.

3.Мұғалім: -Балалар, сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Не істейсіңдер?
Келесі тапсырма «Кім не істейді?» деп аталады.Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды: 
Анам тамақ пісіреді. 
Әкем кітап оқиды. 
Атам теледидар көреді. 
Ағам сурет салады. 
Інім текшемен ойнайды. 
Әпкем сабақ оқиды.

4.Мұғалім: -Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
1.    Отан  — отбасынан басталады.
2.    Отбасы – шағын мемлекет.
3.    Ата – бәйтерек.
4.    Балалы үй – базар.
5.    Ағасы бардың – жағасы бар, 
        Інісі бардың – тынысы бар.
6.    Ана сүті бой өсіреді,
        Ата тілі ой өсіреді.
7.    Ата – анаңды құрметте,
        Үлкендерді құрметте!
8.    Ана – бұлақ,
        Әке – асқар тау,
        Бала – жапырақ.

      Сергіту сәті.
Экраннан бейне сергіту жаттығуы жіберіледі. 

5. Саусақ жаттығуы.
Отбасы туралы санамақты айтайық. 
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек — анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

6. — Балалар, әке, әже деген сөздер қай әріп пен дыбыстан басталады?
—    Ә әрпі мен дыбысынан басталады.
—    Ә әрпі қандай дыбыс?
—    Дауысты дыбыс.
—    Ә әрпінен келетін сөздерді айта қойыңдар.
—    Әже, әке, әткеншек, әріп, әтеш, Әсия, Әсет, т.б.
—    Тағы қандай сөздерде ә әрпі бар екенін мына «Сиқырлы кітаптан» көрейік (экраннан ә әрпі туралы мультфильм жүреді).

7. Дыбыстық жаттығу.
 «Жоғалған әріптер». Әріптер магниттік тақтада шашылып жапсырылады. Балаға әже, әке сөздері беріледі. Бала сол сөздің құрамындағы әріптерді тез тауып, сөз құрастыруы керек. Содан соң алақанымызды бір-біріне соғып, шапалақтап сөздерді буынға бөлеміз: ә-ке, ә-же. 

8.«Сұлбасын тап» ойыны. Экраннан ата, әже, әке, аналардың суреттері сұлбасымен беріледі. Балалар отбасы мүшелерін сұлбасымен дұрыс сәйкестендіреді және атайды.

9.    Ал, балалар, сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме? Білсеңдер, айта қойыңдар.

Атам менің ақылды,
Әжем менің мейірімді.
Әкем менің қайратты,
Анам менің әдемі.

Мой отец родной – әке,
Мама милая – ана.
Моя бабушка – әже,
Добрый дедушка – ата.

Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.

Мама, мама, маматай,
Сені жақсы көремін.
Мейрамыңмен құттықтап,
Саған гүлді беремін.

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Аталар, әжелер,
Ағалар, әпкелер,     (бәрі хормен)
Аналар, балалар,
Әр үйде бар олар.

10.    «Бұл кім?» онлайн мозаика ойыны. Балаларға онлайн мозаика ойыны ойнатылады. Бөлінген пазл сурет құрастырылуы керек. Құрастырылғаннан кейін кімнің суреті шыққанын айтады.  

«Мен …  жақсы көремін» дидактикалық ойыны.
Экраннан пиктограммалар көрсетіледі. Балалар пиктограмма арқылы отбасын, отбасы мүшелерін жақсы көретіндіктерін айтады. 
Мысалы: Мен атамды (әжемді, анамды, әкемді, …) жақсы көремін. Біз отбасымызды жақсы көреміз.

  Білімпаз ата:
—    Жарайсыңдар, балапандар! Мен сендердің білімдеріңе риза болып тұрмын. Барлығың да «Білімді балапан» атағына лайықсыңдар. Мен басқа да бүлдіршіндерге баруым керек. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
—    Сізге көп рахмет, Білімпаз ата, сау болыңыз!
—     Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде кімдер туралы айттық?
—    Не үйрендік?
—    Сендерге оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
—    Ендеше, орнымыздан тұрып, топқа барамыз.
    Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдеседі, тақпақтарын айтады.

Балалар жұмбақ шешеді.

Балалар Білімпаз атаны тыңдайды. 
Балалар флипчарт экран арқылы кімді көріп тұрғанын айтып береді.

Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Екі бала шығып бір-бірімен сұхбаттасады (интервью алады).

Балалар сурет бойынша отбасында  кімнің не істейтінін айтып береді.

Балалар отбасына байланысты мақал-мәтелдер айтады.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды, музыкаға сәйкес билейді.

Өлең жолдарын  қайталап, мазмұнына сәйкес саусақтарын бүгіп, қимыл жасайды.

Балалар Ә әрпі бар сөздерді еске түсіріп, сөздерді айтады, мультфильм тамашалайды.

Балалар магнитті тақтадағы шашылған әріптерден сөз құрастырады.

Балалар отбасы мүшелерін сұлбасыменсәйкестендіреді (интерактивті қалам қолданылады).

Балалар отбасы туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып береді.

Балалар 1-2 тақпақты пиктограммалар арқылы айтады.

Балалар интерактивті қаламның көмегімен мозаиканы құрастырады.

Балалар пиктограммалар арқылы айтып береді.

Балалар белсенді лексиканы хормен, 
жеке-жеке қайталайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін қазақша атап, олардың не істейтінін айта біледі;
Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін игереді;
Меңгереді: суреттерді сөйлетіп, отбасы мүшелерін – әже, ата, әке, ана, аға, әпке, іні, 
сіңлі, қарындасты ажыратып, оларды орынды атай алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!