Қызының туған күніне сыйлық алуға шыққан әке қайтыс болды (Видео)

0
1227

Елден ерте тұрып, қызының туған күніне сыйлық алып, көлігіне отыра берген жігітті басқа автомобиль қатты жылдамдықпен келіп қағып өлтірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ала таңнан жақынына жылу сыйлап қуантам деп ойлаған азаматты асыққан жүргізуші мерт қылып, туыстарын қайғы жұттырды. Оның қасындағы жолаушысы да сол жерде жан тапсырған. Апат орнында тағы бес адам жарақат алыпты.
«Күнделікті келетін, өзі таксист жігіт еді. Нан, шәйін, сүтін осы жерден алып тұратын еді түнделетіп келіп».
Біраз уақыттан бері дүкендеріне бас сұғып, керек-жарағын алып жүрген жігітпен Алмас Нұрмұхамбет таныс болыпты. Бір апта бұрын көлігімді ауыстырдым деп қуанышты хабармен келген екен. Ал, таңғы төрттің шамасында жора-жолдастарымен бірге қызының туған күні екенін айтып заттар алуға дүкенге бас сұғыпты. Бойындағы қуанышты сезімнің артында әп сәтте үлкен қайғының тұрғанын сезбей де қалдық дейді.