Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қарапайым құдалармыз": Қайрат Боранбаев алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы жайлы айтты

"Қарапайым құдалармыз": Қайрат Боранбаев алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы жайлы айтты
фото: ашық дереккөз

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев Zamandas подкастына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

2013 жылы бизнесменнің қызы Әлима Боранбаева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересіне тұрмысқа шыққан кезде ол АО “ҚазРосГаз”компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Ал кейін ол мүдделер қақтығысын болдырмау үшін компаниядағы қызметінен өз еркімен кетті.

“Қызметтен қызым президенттің немересіне тұрмысқа шыққандықтан кеттім. Мені ешкім жұмыстан қуған жоқ, өз еркіммен кеттім. Мен бұл жағдаймен өзімді байланыстырғанын қаламадым. Оның үстіне, сол кезде туыстардың бірге жұмыс істеуіне болмайды деген шешім болған. Сондықтан өзім кеттім, мұнда ешқандай мәселе жоқ”, – деді ол.

Үйлену той 2013 жылғы қазанда өтті. Кәсіпкердің айтуынша, бұл – жеке отбасылық әңгіме. Сондықтан ол бұл тақырыпты сұхбат барысында әңгімелегісі келмейтінін жеткізді.

“Бәріміз ересек адамбыз, әркімнің жеке өмірі, туыстары, отбасылық қарым-қатынасы бар. Біреу бұл туралы айтқысы келсе, өзі біледі. Ал мен айтқым келмейді. Бізде де барлық қазақтағыдай өз дәстүріміз бар, құдалар бар, басқа да жөн-жоралғылар сақталған. Бәрі елдегідей өтті, бұл – қалыпты жағдай. Бұл тұрғыдан алғанда, ол отбасының басқа отбасылардан еш айырмашылығы жоқ. Барлық дәстүр сақталды, бәрі әдеттегідей өтті”, – деді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.