Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Толық болғаным үшін полицияға шағым түсірді»: Түсіпбаева атыраулық блогерге жауап берді

«Толық болғаным үшін полицияға шағым түсірді»: Түсіпбаева атыраулық блогерге жауап берді
Фотоколлаж/stan.kz

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогер Заидаға қатысты тараған ақпаратқа байланысты пікір білдіріп, оны үзілді-кесілді жоққа шығарды. Өнер иесі бұл жағдайды жалған ақпарат деп атап, мәселенің заң аясында қаралатынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Түсіпбаеваның айтуынша, блогер тарапынан айтылған айыптаулар шындыққа сәйкес келмейді. Ол өзіне ешқандай құқық қорғау органдары хабарласпағанын айтып, мұндай мәлімдемелердің дәлелмен расталуы керегін баса айтты.

«Жалған ақпарат таратқаны үшін енді жағдай күрделене түседі. Қалғанын адвокаттар шешеді. Алматы полициясы қайда, кім хабарласты дейді? Аты-жөні бар ма? Қазір ешбір құзырлы орган бұлай жұмыс істемейді. Қайдағы полиция, қайдағы сот?! Айтқандарын дәлелдесін!» – деді әнші.

Сонымен қатар, ол блогерді негізсіз айып тағуда деп атап өтіп, адвокаттарының барлық жазбаларды тіркеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл іс сотқа дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық блогер Заида әлеуметтік желіде өзіне полиция тарапынан хабарлама түскенін айтып, арыз Меруерт Түсіпбаева тарапынан жазылғанын мәлімдеген болатын.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер