Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза болған жол апаты: ІІМ тергеу барысы туралы айтты

Әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза болған жол апаты: ІІМ тергеу барысы туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша тергеу амалдары аяқталу сатысында. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалардың барлығы дерлік алынған.

"Қылмыстық істі тергеу бойынша барлық дерлік сараптама алынды. Алдағы екі аптада тергеудің аяқталғаны туралы жариялауды жоспарлап отырмыз, өйткені қажетті тергеу амалдары аяқталып жатыр. Тергеу соңына жетіп қалды", - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.

Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.