Алматыда еліміз бойынша алғашқы крематорий ресми түрде ашылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Кремация құны 240 мың теңгеге бағаланып отыр. Тәулігіне 16 рәсімге дейін жүргізу мүмкіндігі бар. Нысан келесі дүйсенбі күні ашылады.
Кремация залында Чехиядан әкелінген екі пеш орнатылған. Олар 800-1000 градус температурада жұмыс істейді. Мәйітті өртеу үшін пеш 35 сағат бұрын қосылып, алдын ала қыздырылады. Одан кейін кремация жүргізіліп, күл арнайы контейнерге салынады.
Крематорий қызметі тек тірі кезінде өз денесін кремациялауға жазбаша келісім берген азаматтарға ғана қолжетімді. Заң бойынша, кремациядан кейін марқұмның күлі туыстарына қайтарылады. Алайда Қазақстан заңнамасында күлді табиғатқа немесе желге ұшырып шашуға рұқсат етілмейтінін есте сақтаған жөн.
Айта кетейік, нысанның құрылысы туралы шешім 2020 жылы қабылданғанымен, инженерлік желілерді, соның ішінде газ жүйесін тарту жұмыстарына байланысты іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді.