life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген продюсерлік етіп, тағы бір жастың жұлдызын жақпақ

Димаш Құдайберген продюсерлік етіп, тағы бір жастың жұлдызын жақпақ

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолында жаңа бағытты бастап, продюсерлік қызметке қадам басты. Бұл жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Voice Beyond Horizon жобасының алғашқы жеңімпазы Нұржас Садырбаевтың продюсері атанғанын мәлімдеді. Енді жас әнші Димаштың қолдауымен кәсіби шеберлігін жетілдіріп, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік алады.

Димаш бұл шешімін көпжылдық тәжірибесімен бөлісуге дайын екенімен түсіндірді:

«Шамамен 15 жылдық мансабымда халықаралық байқаулардан бастап әлемдік жеке концерттерге дейін үлкен жолдан өттім. Енді сол тәжірибемді бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америкаға дейінгі әлемдік сахналарда өнер көрсететін жаңа буын әртісін дайындайтын уақыт келді», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің халықаралық музыкалық жобасы бір тәулікте 102 миллион қаралым жинап, үлкен рекорд орнатқан еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.