Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Отадан шыққан Гүлзира Айдарбекованың жағдайы белгілі болды

Отадан шыққан Гүлзира Айдарбекованың жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бұрын мұндай жағдайларға байланысты қорқынышы болған. Жақындарының бірі наркоздан оянбай қалса, енді бірінің өтіндегі тасты алу кезінде асқыну пайда болып, қайғылы жағдаймен аяқталғанын еске алған. Сол себепті кез келген отаға алаңдаушылықпен қарайтынын жасырмады.

Соған қарамастан, бұл жолғы операция сәтті өткен. Айдарбекова нәтижеге шүкіршілік етіп, қолдау білдіріп, дұға жасаған жандарға алғысын білдірді. Оның сөзінше, дәрігерлер өтіндегі тасты алып тастаған, қазіргі таңда наркоздың әсері біртіндеп басылып келеді.

Қазір продюсердің жағдайы қалыпты, бірақ әлсіздік бар. Ол кейде көзі ілініп, қайта оянып жатқанын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.