Танымал әнші Абай Бегейдің тұңғыш қызы, блогер Ерке Ниязқұлова да хиджабын шешті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі алғаш рет қыздарымен бірге орындаған “Айналайын” әніне бейнебаян түсірген. Кадрлардан әншінің үлкен қызының да орамалсыз жүргенін анық көруге болады.
Сондай-ақ блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі жаңа кезеңге қатысты жазба қалдырған. Ерке Ниязқұлова көпшіліктен бұл шешімді қандай да бір жағдаймен, бейнебаянмен немесе белгілі бір адаммен байланыстырмауды сұрады.
Ол өзгенің таңдауына құрметпен қарауға шақырды.
“Сіздерге үлкен өтінішім бар. Орамалды ешқандай жағдайға, бейнебаянға, адамға байланыстырып өз ойларыңызбен түрлі ақпарат құрастырмаңыздаршы! Мен ересек адам ретінде өзіме ғана байланысты нәрсеге шешім қабылдадым. Біреу киді, біреу шешім, ол адамдарда менің шаруам жоқ, болмаған да. Әркім өзі басына ғана жауап береді. Менің қазіргі күйімді қабылдап, құрметтеп, түсіністік танытуларыңызды ғана сұраймын”, – деп жазды ол.