Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Меруерт Түсіпбаева блогерді толық деп кемсітіп, басы дауға қалды

Меруерт Түсіпбаева блогерді толық деп кемсітіп, басы дауға қалды
Коллаж: turkystan.kz

Атыраулық кәсіпкер әрі блогер Заида мен Қазақстанның халық әртісі Меруерт Түсіпбаева арасында әлеуметтік желіде дау туындады, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогердің айтуынша, әнші оның артық салмағына байланысты полицияға шағым түсірген. Ол бұл жағдайды Threads желісінде видео арқылы айтып, көпшілікке жария еткен.

Заиданың сөзіне қарағанда, жанжал әлеуметтік желідегі пікірден басталған: әнші оның жазбасының астына «Арықтау керек!» деп пікір қалдырған, ал блогер соған жауап берген.

«Менің үстімнен Меруерт Түсіпбаева арыз жазыпты, тек менің толықтығым үшін», – деді Заида.

Блогердің айтуынша, жауап бергеннен кейін жағдай күрделеніп, әнші тарапынан қосымша жазбалар жарияланған. Кейін Алматы полициясынан да хабар түскені айтылды.

Сонымен бірге Заида өз денсаулығына тоқталып, артық салмақтың себебі бала кезінде қабылдаған гормоналды емнен болғанын түсіндірді. Ол бұл мәселемен ұзақ жылдан бері күресіп келе жатқанын да айтты.

Блогер желі қолданушыларын адамдардың сырт келбетіне қатысты сын айтпауға шақырып, бұл тақырыптың өте сезімтал екенін жеткізді.

Ал Меруерт Түсіпбаева бұл айыптауларды жоққа шығарып, блогерден нақты дәлел талап етіп, мәселені заң аясында қарастыру керегін айтқан.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер