Әнші әрі актер Ермахан Аймахан жұбайы Раушан Құдайбергенге арнап жазған жаңа романтикалық әнінің бір бөлігін көпшілікке жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары Раушанмен бірге түскен әсерлі видеомен бөлісті. Бейнежазбада ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен билеп, көрерменге ерекше жылы көңіл күй сыйлаған. Ән "Тағдырыма кел" деп аталады.
Жаңа туындының қысқа нұсқасы жарияланған сәттен-ақ тыңдармандардың қызығушылығын оятып, әлеуметтік желіде жағымды пікірлер көбейді. Көпшілік әннің нәзік атмосферасын, орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетінін жазуда.
Жазбаға пікір қалдырғандардың арасында Димаш Құдайберген де бар. Ол жүрек белгісін қалдырып, әріптесіне қолдау білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Раушан Құдайберген жайлауда аттан құлап қалған сәтін көрсетіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.