Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева Назарбаевпен кездескен сәтін еске алды

Роза Рымбаева Назарбаевпен кездескен сәтін еске алды
Arasha.kz коллажы

Танымал әнші Роза Рымбаева Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуі туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл оқиға осыдан шамамен 25 жыл бұрын болған. Сол кезде сахнадағы шығармашылық жолына 25 жыл толуына орай, ол экс-президенттің қабылдауына шақырылған.

"Бір жылдары мені Нұрсұлтан Назарбаев мені қабылдады. Ол кезде сахнада жүргеніме 25 жыл толған еді. Мен сол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: "Аға, мен сізді концертіме шақырамын. Келіп арнайы қонақ болыңыз", – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейін қатты есеңгіреп қалғам. Ол мені қолдау үшін концертіме келді. Сол кездері Нұрсұлтан Назарбаев: "Роза, не керек? Қандай көмек қажет?" – деп сұрады. Ал мен болсам "үйім кішкентай, аядай үйде тұрамын, жағдайымыз мәз емес" деп айтуға арландым. Оның орнына "аға, менде бірді-екілі мәселем болса, әкімдікке айтармын" деп жауап бердім. Мен ештеңе сұрамадым. Ол маған алғысын айтты, раушан гүлдерін сыйлады", – деді Роза Рымбаева.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер