Назарбаев Дэвис кубогында Қазақстанның бірінші ракеткасына қолдау көрсетті — новости Казахстана

Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев Дэвис кубогы аясында өткен Михаил Кукушкин мен Педро Соуздың матчын тамашалады деп жазады Zakon.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Zakon.kz
Жарыстың алғашқы күні екі қазақстандық Кукушкин мен Бублик жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар Михаил теннистің халықаралық федерациясының марапатын алды. Назарбаев пен Тоқаев тамашалаған матчта Кукушкин Соузды 6:2, 6:0 есебімен жеңіп шықты.
Жеңімпаз өз сезімдерімен бөлісті.

Фото:Zakon.kz
«Президент кірген кезде қарсыластың добын қабылдадым. Әрине, толқыдым. Президентіңнің алдында күнде ойнамайсың ғой. Бірақ президент менің матчымды алғаш рет тамашалап отырған жоқ, бұрын да бір-екі рет көрген, сондықтан не істеу керегін білдім. Мықты ойыншыны жеңіп шығуыма бұл да көмектесті», — деді Кукушкин.
Сонымен қатар спортшы қолдауы үшін Елбасына алғысын білдірді.
Кукушкин қарсыласының мықты болғанын мойындады. Әрбір ұпай үшін талас болғанын жасырмады.

Фото:Zakon.kz
Отандасы Бубликтің жеңісі оны жақсы ынталандырған екен.
«1:0 есебімен алға шыққанымыз, қарсыластарымыздың ең мықты ойыншысы жеңілгені өз күшіңе деген сенімділікті арттырады», — деді Михаил.
Құраманың капитаны Доскараев біздің команданың бүгін де де бар күштерін салатынын мәлімдеді.
Дереккөз: kaz.nur.kz