ка

Назарбаев Дэвис кубогында Қазақстанның бірінші ракеткасына қолдау көрсетті - новости Казахстана

02.02.2019 15:42
0
2

Елбасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев Дэвис кубогы аясында өткен Михаил Кукушкин мен Педро Соуздың матчын тамашалады деп жазады Zakon.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

Жарыстың алғашқы күні екі қазақстандық Кукушкин мен Бублик жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар Михаил теннистің халықаралық федерациясының марапатын алды. Назарбаев пен Тоқаев тамашалаған матчта Кукушкин Соузды 6:2, 6:0 есебімен жеңіп шықты.

Жеңімпаз өз сезімдерімен бөлісті.

Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

"Президент кірген кезде қарсыластың добын қабылдадым. Әрине, толқыдым. Президентіңнің алдында күнде ойнамайсың ғой. Бірақ президент менің матчымды алғаш рет тамашалап отырған жоқ, бұрын да бір-екі рет көрген, сондықтан не істеу керегін білдім. Мықты ойыншыны жеңіп шығуыма бұл да көмектесті", - деді Кукушкин.

Сонымен қатар спортшы қолдауы үшін Елбасына алғысын білдірді.

Кукушкин қарсыласының мықты болғанын мойындады. Әрбір ұпай үшін талас болғанын жасырмады.

Zakon.kz

Фото:Zakon.kz

Отандасы Бубликтің жеңісі оны жақсы ынталандырған екен.

"1:0 есебімен алға шыққанымыз, қарсыластарымыздың ең мықты ойыншысы жеңілгені өз күшіңе деген сенімділікті арттырады", - деді Михаил.

Құраманың капитаны Доскараев біздің команданың бүгін де де бар күштерін салатынын мәлімдеді.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий