Елордада із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

0

19 жастағы бойжеткеннің денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қыздың анасы оның жоғалғанын айтып, шағым түсірген. Бойжеткен осы жылдың 19 қыркүйегінде сағат 11:00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер кіріскен. Соңғы рет қызды Бараев көшесіне қарай көпірден көргені анықталды. Оны іздеуге сүңгуірлер тобы тартылды.

«Осы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 11:20-да полиция қызметкерлері ТЖМ жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 2002 жылғы қыз жоғалып кеткен еді. Оны Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық гвардия жеке құрамы, еріктілер іздеген болатын.