Home Жаңалықтар Ақорда көк түтіннің астында қалды – видео

Ақорда көк түтіннің астында қалды – видео

0
9572

Қала көшелерінде терек ұлпалары көптеп жиналуы мен соңғы күндері ауа температурасының күрт жоғарылауы өрт қаупін күшейте түскен

Ел астанасында теректен түскен ұлпалар өртеніп, Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорда маңы көк түтіннің астында қалды.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде видеолар жариялай бастады.

«Ұлпалар осылай өртеніп жатыр. Полицейлер оқиға орнына аттанған болу керек», – деп жазды желіде астаналық тұрғын Арай Ордабаева.

Ал төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда қураған ағаш пен теректің ұлпалары жанып жатқанын растады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, тиісті жұмыстар атқаруда.

Айта кетейік, бұған дейін департамент өкілдері өрт қаупі туралы ескерткен болатын. Қала көшелерінде терек ұлпалары көптеп жиналуы мен соңғы күндері ауа температурасының +35-ке дейін көтерілуі қауіпті күшейте түсті.