Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесінің қызы Аяулым Қытайдағы магистратураға грант иегері атанды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, қызының білім жолындағы жетістігіне қуанышын жеткізді.
Алтынай Жорабаеваның сөзінше, Аяулым бұған дейін Қытайда екі жыл бойы грант негізінде қытай және жапон тілдерін оқыған. Енді ол білімін сол елде магистратура деңгейінде жалғастырмақ.
«Сүйінші! Қызымыз Аяулым Қытайда екі жыл грантпен қытай және жапон тілдерін оқып, биыл Қытайдағы магистратураға грантқа түсті. Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді», – деп жазды әнші.
Өнер иесінің қуанышын оқырмандары да бөлісіп, Аяулымның жаңа оқу кезеңіне сәттілік тіледі.