Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Армения мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын

Армения мобилизациядан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын
Фото: Depositphotos.сom

Арменияның саяси билігі Ресейде жаңа мобилизация жарияланған жағдайда әскери қызметтен қашқан азаматтардың елге кіруіне кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ален Симонян "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында айтқан көрінеді.

- Ресей азаматына айтарым анық. Арменияға қош келдіңіз деймін. Мұнда сізді құрметтейді және қалағаныңызды таба аласыз. Қайта Ресейге қашан оралғыңыз келсе, сол кезде ораласыз, – депті ол.

Симонянның айтуынша, қажет болған жағдайда армян билігі Ресейден келетін азаматтарға көмек көрсетуге де дайын екен.

Айтпақшы, бұл мәлімдеме Ресейде жаңа мобилизация болуы мүмкін деген ақпараттар тараған тұста айтылды. Мәселен, Wall Street Journal басылымы Батыс барлау деректеріне сүйене отырып, Ресей әскери билігінің өңірлердің жаңа шақырылымға дайындығын тексеріп жатқанын хабарлаған болатын.

Ал АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздер жаңа мобилизация қыркүйектегі Мемлекеттік дума сайлауынан кейін басталуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.