Тоқаев: Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құрлытай”: Халықты сайлауға шақырған Қабатов ұятқа қалды

“Құрлытай”: Халықты сайлауға шақырған Қабатов ұятқа қалды
Фото: әлеуметтік желіден

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға халықты шақырған бейнеүндеу жариялады. Алайда оның видеода «Құрылтай» сөзін қате айтуы әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі сайлауға шақыру барысында «Құрылтай» атауын екі рет «Құрлытай» деп айтып жіберген. Осыдан кейін желіде оның сөз саптауына қатысты түрлі пікір жазылды.

Кейбір оқырмандар әзілкештің үндеуіндегі қателікті әзілге айналдырса, енді бірі алдымен сайлау атауын дұрыс айтып үйрену керек деген сын айтты.

«Тұрсынбек, “Құрлытайға” өзің бара бер, біз Құрылтайға барамыз», «Құрылтай дегенді дұрыс айтып үйреніп алшы сен бірінші», «Бұған не жоқ», – деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ пікірлер арасында әзілкештің жеке өміріне қатысты орынсыз сөздер де кездескен.

Осылайша халықты сайлауға шақырған Тұрсынбек Қабатовтың бейнеүндеуі мазмұнынан гөрі, «Құрылтай» сөзін дұрыс айтпауы арқылы әлеуметтік желіде талқыланып кетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.