Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Екінші әйел әперіңдер”: Жазира мен Динараның келіндерімен түсірген видеосы талқыға түсті

“Екінші әйел әперіңдер”: Жазира мен Динараның келіндерімен түсірген видеосы талқыға түсті
Фото: видеодан скриншот

Қазақ эстрадасының танымал өкілдері Сәкен Майғазиев пен Жанболат Ербатыровтың жұбайлары Динара Майғазиева мен Жазира Байырбекова келіндерімен бірге көңілді видео түсіріп, әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ене мен келіндер отбасылық қарым-қатынасты әзіл арқылы көрсететін танымал трендке қосылған. Бейнежазбада олар бір шаңырақтағы жалғыз келіннің жағдайын сөз етіп, бұл тақырыпты әзілмен жеткізген.

«Бір үйдің бір ғана келіні болған норм ба, стрем ба?» – деп жазды олар видеоға.

Жазба көпшілікке көңіл-күй сыйлап, оқырмандар ене мен келіндердің арасындағы еркін қарым-қатынасқа назар аударды. Кейбір желі қолданушылары олардың бір-бірімен жақын араласатынын атап өтіп, тіпті құрбыларға ұқсайтынын жазды.

«Жазира ханымның келіні қызы сияқты», «Осындай подружка келін бұйырсын», «Барлық ене мен келіннің арасы осындай болсын», «Сыйластықтарыңыз мәңгі болсын», – деген пікірлер қалдырған оқырмандар.

Ал кейбір қолданушылар жалғыз келін болудың артықшылықтары туралы әзілдесіп, тақырыпты одан әрі қыздыра түсті.

Осылайша өнер адамдарының отбасындағы ене мен келін арасындағы жылы қарым-қатынасты көрсеткен шағын видеосы әлеуметтік желіде жағымды пікірлерге ие болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.