Елімізде 1 қыркүйектен бастап 1-4-сыныптарда бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізіледі. Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
Қазақстанда биылғы оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер үшін не өзгередіОқыңыз
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады.
"Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды. Ол қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді, керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді", – деді спикер баспасөз конференциясында.