Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қайрат Нұртастай бай емеспін”: Мақпал Жүнісова әзілмен залды күлкіге қарық қылды

“Қайрат Нұртастай бай емеспін”: Мақпал Жүнісова әзілмен залды күлкіге қарық қылды
Фото: ашық дереккөз

Бір концерт кезінде көрермендердің бірі әнші Макпал Жүнісовадан өзіне бір зат сыйлауын сұраған. Бұған өнер иесі күлімсіреп, дәл сол сәтте сахнадан қандай затын шешіп, сыйлай алатынын әзілмен талқылаған, деп хабарлайды kznews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Әнші басындағы бас киімін шеше алмайтынын айтып, кейін Қайрат Нұртастың кейде концерт барысында киімдерін жанкүйерлеріне сыйлайтынын еске алды. Сонымен қатар Макпал Жүнісова өзін Қайрат Нұртастай «бай емес» екенін айтып, жалғыз тұратынын, күйеуі жоқ екенін әзілге қосты.

Бұл сәт әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді. Көпшілік әншінің еш жасандылығы жоқ, қарапайым әрі шынайы жауабына назар аударды.

Айта кетейік, бұған дейін Макпал Жүнісова концерт кезінде өзіндегі алтын әшекейін шешіп, көрермендердің біріне сыйлаған еді. Осы жағдайдан кейін әншіден сыйлық алғысы келетін жанкүйерлердің қатары көбейген болуы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.