ка

Сабақ жоспары "Астана - елімнің мақтанышы" 6 сынып

03.02.2019 10:47
0
12
Пән: Қазақ тілі Т2Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6-бөлім: Астана-мәдениет пен өнер ордасы.Мектеп: Краснодон орта мектебі КМММұғалімнің аты-жөні: Сайдалина Алия СагандыковнаКүні: Сынып: 6Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:Сабақтың тақырыбыАстана – елімнің мақтанышыСабақта негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Т6.2.6.1.тірек сөздерге сүйеніп,сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.О6.3.1.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.Сабақтың мақсаттарыБарлығы: жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.Көпшілігі: тірек сөздерге сүйеніп,сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.Кейбірі: түйіндеме жаза алады.Бағалау критерийлеріТақырыпқа қатысты тірек сөздердге сүйеніп,әңгіме құрастырады.Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.Тілдік мақсаттарПәнге тән лексика мен терминология: шаһар, алақан, сәулетші, мәдени орындарЛексикалық минимумЕлорда, тамашалауҚұндылықтарды дарытуОтанын сүйетін, еліне, жеріне қамқор болатын патриот азаматы тәрбиелеу.Пәнаралық байланысЖаратылыстануАКТ қолдану дағдыларытаныстырылымБастапқы білімТуған өлке туралы айтады, сипаттайды.Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстарСабақтың басы5 минутПсихологиялық ахуал қалыптастыру. «Ыстық алақан» тренингі

Қызығушылығын ояту. «Ой шақыру» әдісі Сөзжұмбақ шешу.

1.Екi айыр құйрығы,Қияқ мұрт қанаты,Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш)2.Асты тас, Үсті тас, Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)3. Бiлiмнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы. (Мектеп)4. Ұлы ақын (Абай)5.Ас атасы - ........... (нан)6.Біздің мемлекет қалай аталады? (Қазақстан) Оқушылар ортада шыққан сөзге қарап, сабақтың тақырыбын анықтайды

https://www.zharar.com/kz/zhumbak/1344-animal.html

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы30 минут Жаңа сөзді меңгерту. «Сөз →сөз тіркесі → сөйлем» Елорда Жаңа АстанаАстана – бас қала.«Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.Оқылым.«Бiрiн-бiрi oқыту» cтрaтегияcы бoйыншa мәтінді тізбектей oқиды. Топта талқылау. Мәтіндегі әр сөздің мағынасын түсініп, түсінгендерін айту.Есте сақаңыз:

І топ: (қарапайым деңгей)Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. ІІ топ: (орта деңгей)«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды. Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын атауға болады.ІІІ топ: (жоғары деңгей) Қала экономикасының негізісауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байла- ныс және құрылыс салалары.Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті дамып келедіАстанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді. Сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін не туралы?
  • Астанада қандай мәдени орындар бар?
  • Шаһар экономикасының негізін қандай салалар құрайды?
  • Дескриптор:- мәтінді тізбектей оқиды;- оқу барысында дауыс ырғағын сақтайды; - мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?2 тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығына айналды. Қала үш ауданнан тұрады. «Бейбітшілік және келісім» сарайы белгілі британдық архитектор жобасы бойынша салынды.Дескриптор:• мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетедіБағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.Жазылым3 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді жаз. Бүгінгі Астана – жедел қарқын... дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілер... жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қала... халқы үш есеге артты. Аз уақыт.. қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Дескриптор: қосымшаларды ажыратып, дұрыс жалғайды. сауатты жазадыТапсырманы «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

    Тыңдалым «Сүйікті қалам – Астанам» бейнероликКері байланыс «Білем-Білгім келеді-Білдім» (БББ)

    https://www.youtube.com/watch?v=oWSLMNIDePk

    Сабақтың соңы5 минутҮй тапсырмасы: 101 бет 5 тапсырма, үлгі бойынша сұрақтарға толық әрі қысқа жауап беріңдер.Рефлексия Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.«Көңіл күйім» әдісі қолданылады. Сабақ бойынша рефлексия
    Пікірлер
    (0)
    Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
    Пікір қалдырыңыз
    Войдите, чтобы оставить комментарий