Ұжымдық қарым–қатынас — Психология — Bilim

0

Ұжымдық қарым–қатынас

Қызылорда қаласы

«Ақжан–Балапан» балабақшасы

әдіскері: Жиеналиева Салтанат

Тақырыбы:  Педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы

Мақсаты: Тәрбиешілердің өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, бір–бірімен қарым–қатынасын нығайту.

Қатысушылар: Тәрбиешілер

Тренинг жоспары:

1. Сәлемдесу «Латын» әліпбиі

2. «Өзіңді білгің келсе» тест

3. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

4. Қорытынды

1. Сәлемдесу. «Латын» әліпбиі

Тәрбиешілер осы әріптер арқылы өздерінің есімдерін латын тілінде және қасына сөздер қосып айтып шығуы керек. Мысалы: Меңгеруші Салтанат латын тілінде Mengeryshi Saltanat.

2. «Өзіңді білгің келсе» тест

Мақсаты: тәрбиешілер тест арқылы өздерінің мінез–құлықтарын, жекелік қасиеттерін біле алады.

Онда А4 қағазда сурет салуды ұсынылады. Болған соң салынған суреттеріне қарай талқыланады.

Сурет салу. Тау, ағаш, үй, жол, сақина.

Тау — дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса өкпелегіш, тік мінезді. Егер аралас салынса — басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй — суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық сақ адам. Ал үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын.

Ағаш — бір ағаш болса өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді қанша мықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құмар.

Жол — үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса айналасына тарататын адам.

Сақина — көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды. Неке жүзігін мықты отбасын білдіреді.

3. «Аңдар мен жәндіктер» жаттығуы

Тәрбиешілерге қағаздар таратылады. Тәрбиешілер әр қатарға өздерінің ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазады. Саны алтау аа аттары. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды. Оқылған сөйлем арасында өзі жазған сөздерді рет–ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.

1. Мені жұрт  …………….   деп ойлайды.

2. Мені ………….   деп ойласа екен деп ойлаймын.

3. Дәл өзім ……………..

4. Мен жұмыста …………..

5. Жолдасыңыздың  алдында  ………………

6. Негізі  …………..

4. Қорытынды

Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.  



Дереккөз: bilim-all.kz