Үлгілі тәрбиеші сайысы, сценарий,
1. Ал, қанекей танысайық! (таныстыру).
1. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
2. «Кім тапқыр» (сұрақ — жауап, педагогикалық ситуация).
3. Үй тапсырмасы (Ас мәзірі).
4. Сән үлгісі — 2019 (целофаннан, газеттен және т. б. заттардан тігілген көйлек).
Мақсаты: Мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым — қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Тәрбиеші бізге білім беріп өсірген
Қатемізді — әрқашанда кешірген
«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Анамдайсыз, менің асыл тәрбиешім,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Құрметті қауым, тәрбиешілер және ата — аналар! Мектепке дейінгі мекемелерде баланы даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым — қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым — қатынас жасауды көздейді. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір — біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін — өзі емін — еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Барлық ұстаздар қауымын, тәрбиешілерді «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
Осы мереке қарсаңында Теректі ауылының балалар бақшасының ұйымдастыруымен «Үлгілі тәрбиеші» сайысымыздың ашылу құрметінің алғы сөзін Теректі ауылы балалар бақшасының меңгерушісіне сөз беріледі.
Жүргізуші сөзі:
Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру).
1.
2.
3.
Жүргізуші сөзі:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.
Бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Қол
соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).
1.
2.
3.
4.
5.
Байқаудың бөлімдерімен таныстырайын.
1. Ал, қанекей танысайық! (таныстыру).
2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өнерлерін көрсету).
3. «Кім тапқыр» (сұрақ — жауап, педагогикалық жағдаяттар).
4. Ас мәзірі.
5. Сән үлгісі — 2019
Жүргізуші сөзі:
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.
1. Ал, қанекей танысайық! 1 — ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырады.
1.
2.
3.
4.
5.
Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.
Ән: Теректі бала бақшасының музыка жетекшісінің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар. Қол соғып, қошеметтеп қояйық.
Жүргізуші сөзі:
Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып,
Танытып көпшілікке өз өнерін, — дей отыра, 2 — ші бөлімі бойынша «Өнерлі өрге жүзер» сайысын бастаймыз.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» бөлімінде тәрбиешілер өз өнерлерін көрсетеді.
1.
2.
3.
4.
5.
Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.
Жүргізуші сөзі:
Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, — дей отырып сайысымыздың 3 бөлімі бойынша «Кім тапқыр» (сұрақ — жауап және педагогикалық жағдаяттар) сайысын бастаймыз.
1. «Кім тапқыр» (сұрақ — жауап, педагогикалық ситуация). Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымызға қатысушы тәрбиешілерді ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).
1.
2.
3.
4.
5.
Құрметті тәрбиешілер сіздерге арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттар беріледі. Сіздер нақты әрі нұсқа жауап берулеріңіз керек.
Педагогикалық жағдаяттарды шешудің мақсаты:
Тәрбиеші мен ата — аналар, балалар арасында туындаған жағдаятарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау.
1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата — ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс — әрекетіңіз қандай болады?
2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата — аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата — ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді. Меңгеруші: «Ата — аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата — анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4.. Балаңыз таңертең жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертеңгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.
Ас адамның арқауы, — демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
4. Ас мәзірі. Бұл сайыста тәрбиешілер өздерінің алдын ала дайындалып әкелген ас мәзірлерін қорғап, әділ — қазы мүшелеріне береді.
Сайысымыздың 4 бөлімі бойынша 1 — ші нөмерлі тәрбиешімізді ортаға шақырамыз.(кезекпен шығып өздерінің ас мәзірлерін көрсетеді).
1.
2.
3.
4.
5.
Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.
Жүргізуші сөзі:
өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс, — демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
5. Сән үлгісі – 2019. Бұл сайыста тәрбиешілер киім үлгілерін көрсетеді. Ал, енді барлық тәрбиешілерді қошеметтеп қарсы алайық.
Рахмет тәрбиешілер!
Әр топтың тәрбиешісіне жанкүйер болып келіп отырған ата — аналарға бүгінгі тәрбиешілерді мерекелерімен құттықтауға сөз кезегін берейік.
Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, — деп келесі сөз кезегін әділ — қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап, сыйлықтар табыстайды.
Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.
Қорытынды: Тәрбиеші ақыл — ойы мен күш — қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тамамдаймыз.
Жүргізуші сөзі:
Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тамамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!
Дереккөз: http://bilimsite.kz/