ка

Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

11.02.2019 20:12
0
10

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның екі облысында болатын қолайсыз ауа-райы жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлады Zakon.kz.

"12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 12 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", - делінген метеорологтардың хабарламасында.

12 ақпан күндіз-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с; 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с; 13-14 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий