"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі қамауға алынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жазба жарияланды. 

Дина Таңсәрі қамауға алынар алдында видеоүндеу жазып үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында (ИВС) және таңертеңге дейін сонда болады. Ертең таңертең оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтеді.

"Құқық қорғаушыларды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын бұл жағдайға назар аударуға шақырамыз. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, төмендегі WhatsApp нөмірі арқылы байланысуға болады”, – делінген жазбада.

Айта кетейік, “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалған еді. Белсендіге іздеу жарияланған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.