ка

Қазақ ұлттық қыздар педуниверситетінің экс-ректоры жеті жылға сотталды

27.12.2022 16:37
0
1
Қарасай аудандық соты "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ бұрынғы ректор — басқарма төрағасы Г.Алдамбергенованы, ректор кеңесшісі Қ. Қожантаевты (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журуновты 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қарасай бөлімінің басшысы Д.Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Іске қатысы барлардың заңсыз әрекеттерімен университетке келтірілген залалы 95,5 млн теңгені құрады. фото: 365info.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий